KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885757
2019 жылы:  19472
бүгiн:  1
қазiр:  29
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

19.04.2017

   2017 жылғы 19 сәуірде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында көктем мерекесі - Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара өтті.

   Бұл іс-шара бірлік, сыйластық пен татулық сияқты адамзат құндылықтарына негізделген Наурыз мейрамының танымдық және рухани-тәрбиелік мәнін жеткізе отырып, елімізде өзара ынтымақтастықта өмір сүріп тұрып жатқан түрлі этностар мен ұлттардың ұлттық танымы мен дәстүр-салттарын, ұлттық өнерлерін жаңғыртуға және насихаттауға бағытталған.
   Мерекелік іс-шараға еліміздің белгілі қоғам және мәдениет қайраткерлері: жазушылар М.Шаханов, Ғ.Жайлыбаев, М.Райымбек, «Дәуір» баспа кешенінің директоры С.М.Назарбаева, Қазақстан Іскер әйелдер қауымдастығының Президенті Р.Сарсембаева, Қазақстандағы БҰҰ Ақпарат департаментінің директоры В.Самек, Корея Республикасының Алматыдағы бас консулы Джон Сын Мин, Алматы қ. «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының директоры Ю.Тілеумұратов, Жеңіс Сейдоллаұлы, т.б.  және кітапхананың достары мен серіктестері, сонымен қатар Алматы қаласындағы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бағынышты ұйымдарының өкілдері қатысты.
   Сонымен қатар, мерекелік іс-шараның құрметті қонақтары – араб әлемінің танымал тұлғасы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Ізгі ниет елшісі, Help4Love Қайырылымдылық қорының Президенті, доктор  Ахмад А. әл-Масқати және Кувейт мемлекетінен келген танымал іскер әйелдер делегациясы: International Women's Group-ның төрайымы Наржес аль-Юсефи, Сехам Хайат (Хайат қонақ үйлері желісінің иесі) және т.б. келді.
   Мерекелік іс-шара аясында қонақтарға ұлттық құндылықтарымыз бен ұлттық өнерімізді таныстыру және әйгілеу мақсатында Сирек кітаптар мен қолжазбалар көрмесі, сонымен қатар, ұлттық қолөнерімізді насихаттау мақсатында қазақтың ұлттық зергерлік күміс бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды. Өз өнімдерін «Кырым-Остров» ЖК, «Юлдабаев» ЖК және белгілі суретші-ювелир Берік Алибаев ұсынды.
   Іс-шара Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп өткізілді, кітапхана аумағында үлкен концерттік алаң, сахна, қазақ үй орнатылды. Қазақстанның белгілі оркестрлерінің бірі - «Отырар сазы» Қазақтың мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық халық аспаптары оркестрі өз өнерін ұсынды. Сондай-ақ, еліміздің танымал өнер қайраткерлерінің – Марат Омаров, Айжан Нұрмағамбетова, Алма Аманжолова, Шахизада, т.б. қатысуымен  мерекелік концерт болды. Сонымен қатар, Алматы қаласындағы ұлттық мәдени орталық өкілдерінің қатысуымен  Қазақстан халықтары түрлі ұлт өкілдерінің салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, ұлттық тағамдары ұсынылды, соның ішінде қазақтың салт-дәстүрлері: беташар, тұсаукесер және т.б. көріністер ұсынылды.
   Қонақтар үшін Наурыз көже мен ұлттық тағамдардан жасалған мерекелік дастархан ұсынылды. 

  

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование