KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885802
2019 жылы:  19517
бүгiн:  1
қазiр:  15
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

21.04.2017

   2017 жылғы 21 сәуірде Н.Дәулетова залында қазақстандықтарға нақты бағдар қойылған және жарық мыасалдар келтірілген, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының аясында «Болашаққа ілгері қадам: рухани өзгеріс» тақырыбына дөңгелек үстел өтті.

   Мақаланың «Сананың ашықтығы» тармағыннан үзіндіде: «Біріншіден, ол дүйім дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді. Екіншіден, ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз. Таяудағы он жылда біздің өмір салтымыз: жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсілдері, қысқасы, барлығы түбегейлі өзгереді. Біз бұған да дайын болуымыз керек. Үшіншіден, бұл – өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі.», қазіргі әлемде кең ойланудың маңыздылығы айқын көостілген.
   Отырыстың бас спикері «Қазақстан SOS балалар қалашығымен» меморандумға қол қою және Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайту мақсатымен келген, БҰҰ ізгі ниет елшісі, «Help4Love» қайырымдылық қорының президенті, доктор Ахмад Амир Ахмад Мохаммад Али Аль-Маскати болды.
   Ахмет аль-Маскати Кувейтте 1976 жылы 16 мамырда дүниеге келген. Өзінің елінде ғана емес, беделді батыс елдерінде білім алған. (жоғарғы білім беру орындарынның 5 дипломының иегері).
   Үстемдіктегі Халықаралық бірлескен іс-қимылдары қорының вице-төраға (ICAFE-IGO) және ECOSOC/ООН қарамағындағы IIMSAM Бас хатшысының арнайы кеңесшісі болып істеген. 13 жасынан ерікті қайырымдылық ісімен айналысып жүр.
   Доктор Али Аль-Маскати «SOS балалар қалашығы» және мүгедек балалардың ата-аналары Ассоциациясының сауықтыру орталығы (АРДИ) туралы өз пікірі мен кездесу нәтижесімен бөлісті, сонымен қатар Қазақстанда «Help4Love» қайырымдылық қорының бөлімшесінің ашылуы туралы айтып берді.
   Дөңгелек үстел қонақтары: президенті Кувейт еліндегі Ресей Федерациясының өкілетті елшісінің жұбайы Е.А.Соломатина болып табылатын, Кувейт елінен келген International Women`s Group ұйымының делегациясы. Араб елінің табысты да, жарқын әйелдері өздерінің профессионалдық тәжірибелерімен бөлісті.

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование