KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 03 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15059560
2019 жылы:  125095
бүгiн:  1
қазiр:  24
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

26.04.2017

   2017 жылғы 26 сәуірде Н. К. Даулетова атындағы залда Иран Ислам Республикасы Бас Консулдығының мәдени өкілдігі ұйымдастырған «Сағди Ширази-парсы-тәжік поэзиясының классигі» атты әдеби кеш өтті.

   Кешті Әлем әдебиеті қызметінің жетекшісі Тұяқова Салима Тоқтасынқызы ашты. Іс-шараны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті Қыдыр Төрәлі жүргізді.

   Кеште Алматы қаласындағы Иранның Бас консулы Хамид Реза Аршади, Иран мәдени өкілдігінің директоры Сейед Джавад Джалаи Киясари, ғалым-ирантанушылар, ғылым докторлары Ислам Жеменей, Сафар Абдулло, Қазақ Ұлттық университетіне Ираннан арнайы шақыртылған оқытушы Амир Ченари, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің  мұғалімдері мен шығыстану факультетінің студенттері сөз сөйледі және студенттер атақты классиктің өлеңдерін оқыды.

   Сағди Ширазидің рухани мұрасы мен әдеби шығармашылығына арналған әдеби кеш әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Иран-Тұран жобасы аясында өтті.

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование