KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885723
2019 жылы:  19438
бүгiн:  1
қазiр:  7
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

28.04.2017

   «Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийі жанынан Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   1 мамыр – Біртұтастыққа шақыратын Қазақстан халқы бірлігінің мерекесі. Мерекенің мақсаты – тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту, қазақстандық модельдің жетістіктерін көрсету.
   Көктемгі осы жарқын мерекеде жыл сайын, Қазақстан қалаларының барлық негізгі көшелері достық шеру, сондай-ақ барлық халықты біріктіруге бағытталған көптеген қоғамдық саяси және мәдени бұқаралық іс- шаралар ұйымдастырылады.
   Қазақстан – көп ұлтты мемлекет, онда бейбітшілік пен ынтымағы жарасқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері өмір сүреді. Мерекеге еңбек ұжымдары, жастар, жоғарғы оқу орындарының студенттері ғана емес, сонымен қатар Қазақстандағы  басқа да халықтардың дәстүрлері мен әдет ғұрыптарын таныстыратын түрлі этномәдени орталықтар да қатысады. Мерекелік концерттер, сахналық қойылымдар, көңілді билер, спорттық сайыстар, этномәдени көрмелердің барлығы бұл күнді Қазақстан халқының жарқын да сүйікті мерекесіне айналдырып, шырайын келтіреді.

   Көрмеге ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Қазақстан аумағында өмір сүретін түрлі ұлттардың тарихы мен өмірін, олардың мәдениеті, дәстүрі және өнерінің дамуын бейнелейтін материалдар ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование