KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15065067
2019 жылы:  130602
бүгiн:  1
қазiр:  25
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

04.05.2017

   2017 жылғы 4 мамырда Н.Дәулетова атындағы залда Қазақстанның халық әртісі Құдайберген Сұлтанбаевтың 70 жылдығына арналған еске алу кеші өтті.

   Іс-шара ҚР Ұлттық кітапханасының Өнер бөлімі жанындағы «Інжу-маржан» клубы аясында өткізілді.     
   Құдайберген Тәуекелұлы Сұлтанбаев Қызылорда облысының Арал ауданында дүниеге келген. Актер, қоғам қайраткері. Қазақстанның халық әртісі. 1974 жылы Т.Жүргенов  атындағы Қазақ Мемлекеттік өнер институтын бітірді. Туған өлкесіне оралып, Арал ауданының мәдени бөлімінің қызметіне қабылданды. Содан кейін белгілі «Гүлдер» ансамблінің құрамына режиссердің ассисенті ретінде жұмыс жасады. 1974 жылдан М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының әртісі болды.
   Қ.Сұлтанбаев сан қырлы талант иесі. Оның ерекше бір таланты – сатира жанрында жарқырай көрінді. Бұл тұста Тамаша әзіл- сықақ театрының іргесін қалаушылардың бірі болған актер өмірінің соңына дейін оның бағдарламаларына белсене қатысып, көрерменін хас өнерімен сусындатты. Көрнекті актер кино өнерінде де өзіндік із қалдырды. Ол режиссер Сатыбалды Нарымбетовтің бірнеше фильмінде, сондай-ақ «Б.Шамшиевтің «Көктөбедегі кездесу», З.Подольскийдің «Қош бол, Медеу», С.Тәуекелдің «Махамбет», Рүстем Әбдірашевтің «Қаладан келген қыз», «Құрақ көрпе», т.б. көркем фильмдерде әрқилы да қызғылықты бейнелер жасады. 2004 жылдан Қазақ ұлттық өнер академиясында ұстаздық қызмет жасады. «Құрмет» орденімен марапатталған.
   Іс-шараны белгілі актер Қайрат Құдайберген жүргізді.
   Кешке мәдениет және өнер қайраткерлері, кітапхана қызметкерлері, БАҚ өкілдері, студенттер және т.б. қатысты.

  

  



« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование