KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885767
2019 жылы:  19482
бүгiн:  1
қазiр:  34
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

02.05.2017

   2017 жылғы 2 мамыр, Алматы қ. ҚР Ұлттық кітапханасында Нидерланд Патшалығы елшілігінің қолдауымен, «Еркіндік Қанаты» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Анна Франк, тарих сабақтары» көрмесі ашылды.

   Көрменің өткізілуі, адам өмірін жоюға бағытталған, адамдардың зардап шеккен уақыты – екінші дүниежүзілік соғысының 72 жылдығымен тұспа-тұс келіп тұр.
   Бүкіл әлемнің тарихы бір нәсілдің екіншілерге күш көрсету амалдары үшін, миллиондаған адамдар өліп, панасыз қалып, қашқын болып, концлагерьлерде, газ камераларында ажал құшқандары туралы айтуда.
   Кітапхана қабырғасында 2-10 мамыр аралығында өтетін көрмеге келіп, жасөспірім қыз – Анна Франктың жеке тарихын зерттеп, Екінші дүниежүзілік соғыс уақытын қазіргі уақытпен салыстыра аласыз.
   Ең алдымен көрме жасөспірімдер мен жастарға арналған білім беру жобасы. Әңгіме Германияда нацистік жүйе басталып, белсенді дамып жатқан кезеңде Аннаның Франкфуртте туылуынан басталады, 1930-ы жылдары Амстердамдағы жастық шағы, Нидерландты оккупациялау, еврейлер, Франк отбасы мен олардың достарының Баспанадағы қудалануы, өмірі және Аннаның 1945 жылдың наурыз айында Берген-Бельзен лагерінде қайтыс болған оқиғаларды қамтиды. 
   Халықаралық көпшілікті Анна Франктың тарихымен, оның өмір сүрген әлемімен: антисемитизм, кемсітушілік, қудалаумен, сонымен қатар қарсыласу және бостандық, теңдік, демократия сияқты құндылықтар туралы адамдардың ойлары, осы құндылықтар олардың істерін анықтауға көмектесу, нәтижелегенде қазіргі таңға Анна Франктың тарихының маңыздылығымен таныстыру мақсатымен құрылған жылжымалы көрме Амстердам, Нидерландыдағы «Дом Анны Франк» әлемге әйгілі мұражайымен дайындалған.
   Барлық іс-шаралар қазіргі қоғамдағы толеранттылықты қолдау мен дамытуға, әлеуметтік-мәдени әртүрлілікті, адам құқықтары мен демократияны құрметтеуге бағытталған.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование