KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15065088
2019 жылы:  130623
бүгiн:  1
қазiр:  22
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

05.05.2017

   2017 жылғы 5 мамырда Е.Тұрсынов киноклубында көрнекті ақын Нұрлан Оразалиннің «Ан Арыс» баспасынан жарық көрген 10 томдық шығармалар жинағының және Мәскеу қаласындағы «МИК» баспасы шығарған «Избранное» кітабының  «ҒАРЫШ МІНЕЗДІ ЖЫРЛАР» атты тұсаукесер рәсімі өтті.

   Нұрлан Мырқасымұлы Оразалин – ақын, танымал драматург, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты драматург, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (2013 жылдан бастап), Қазақстан Жазушылар одағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы. Оның шығармалары орыс, қырғыз, украин, болгар, түрік, молдаван, өзбек тілдеріне аударылды.
   Қазақ жырына олжа салған, өз үні, өз қолтаңбасы айқын Нұрлан Оразалиннің жарты ғасырдан асып жығылар қаламгерлік ғұмырбаянын қамтитын бұл көптомды шығармалар жинағы ойшыл суреткердің жаратылысын танып, тұлға табиғатын ашуға мол мүмкіндік береді. Сондай-ақ қоғам, заман, тұлғалар туралы жазылған дүниелер мазмұн тереңдігімен, салиқалы ойларымен ерекшеленеді.
   Сонымен бірге осы жиында Нұрлан Оразалиннің Мәскеу қаласындағы (Ресей Федерациясы) «МИК» баспасынан жарық көрген «Избранное» атты орыс тіліне аударылған өлеңдер жинағының да тұсауы кесілді. Алғы сөзін әйгілі ақын Олжас Сүлейменов жазған аталмыш жинақтағы өлеңдерді орыс тіліне С.Мнацаканян, В.Антонов, Н.Чернова, Л.Шашкова, А.Матвеев, Б.Жылқыбаев, О.Жанайдаров, Т.Васильченко, Қ.Бақбергенов сияқты тәжірибелі аудармашылар тәржімалаған.
   Сөз сөйлегендер: белгілі қаламгерлер С.Оразбаев, Ш.Сариев, М.Әуезов, С.Елубаев және басқалары.
   Іс-шара аясында Ұлттық кітапхананың қорынан Нұрлан Оразалиннің өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
   Қатысушылар: қоғам қайраткерлер, белгілі жазушылар, баспагерлер, туыстары, БАҚ өкілдері.

  

  

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование