KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885787
2019 жылы:  19502
бүгiн:  1
қазiр:  40
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

02.05.2017

   «Қазақстан кітаптары» оқу залында 7 − мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Отан қорғаушылар күні Қазақстанда 7 мамырда аталып өтеді. Бұл күн Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1992 жылғы 7 мамырдағы Ұлттық Қарулы Күштерді құру туралы Жарғысы негізінде бекітілген.
   2012 жылғы 4 қазанда Қазақстан Республикасының Парламенті ҚР «Қазақстан Республикасындағы мереке туралы» Заңына толықтырулар енгізу туралы» Ережені қарастырып, қабылдады. Осы Ережеге сәйкес 7 мамыр мемлекеттік мереке әрі демалыс күні болып жарияланды. Мереке қазақстандықтардың батырлық ерліктерінің жылнамасын әрі Отанға қызмет ету дәстүрінің жалғастығын дәріптей отырып, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің абыройы мен даңқын ел ішінде және одан тысқары жерлерде асқақтатуға арналған.
   Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында қызмет ету − аға ұрпақтың батырлық әрі жауынгерлік дәстүрлеріне негізделген әрбір қазақстандықтың абыройлы міндеті, отансүйгіштіктің мықты әдеп мектебі. Қазақстан елдің қорғанысқа қабілеттілігін нығайтуға әскери даярлықтың жоғары деңгейімен, сапалы жұмылдыру резервімен, ұлттық әскери оқу орындары мен қажетті материалдық-техникалық қамсыздандырылуымен ерекшеленетін заманауи да кәсіби әскердің құрылысына ерекше назар аударуда.
   Осы бір мереке күні кезекті әскери шендерді тағайындау мен ерекше көзге түскен әскери қызметкерлерді марапаттау, әскери және жауынгерлік шерулерді өткізу сияқты іс-шаралар дәстүрге айналды.
   ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан ұйымдастырылған кітап көрмесінде қорғанысқа қабілеттілікті қамтамасыз ету тарихы мен маңызы, елдің Қарулы Күштерінің қауіпсіздігі туралы әдебиеттер және әскери тақырыптағы материалдар ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование