KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15065118
2019 жылы:  130653
бүгiн:  1
қазiр:  26
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

03.05.2017

   «Қазақстан кітаптары» оқу залында 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған «Ұлы Жеңіс – халықтың өшпес ерлігі» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Жеңіс күні – бұл осы әлемдегі бейбітшілікті сыйлаған әрбір жанның құрметіне арналған мейрам. 1945 жылдың 9 мамыры – Жеңіс күніне айналған ең шуақты әрі соғыс ардагерлері үшін естелікті бір күн.
   Ұлы Отан соғысы бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы халқына, тарихымыз бен жадымызға өшпестей із қалдырды. Соғыстың барлық майдандарында ержүректілік пен батырлық танытқан қазақстандықтар, басқа халықтармен иық тіресе отырып өжеттілікпен шайқасты. Бауыржан Момышұлы, Сағадат Нұрмағамбетов, Әди Шәріпов. Қасым Қайсенов, Жұмағали Сайын, мерген Әлия Молдағұлова, пулеметші Мәншүк Мәметова және т.б. Кеңес Одағының Батыры атанды. Ұшқыш-шабуылдаушылар Талғат Бигельдинов, Иван Павлов, Леонид Беда, Сергей Луганский екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Рейхстагты шабуылдап, Жеңіс Туын тіккен қазақстандықтардың арасында Р.Қошқарбаев, капитан Б.В.Чупрета, минометші А. Бақтыкереев, пулеметші П.Е.Вицько, байланысшы К.М.Волочаев ордендермен және медальдермен марапатталды.
   Жыл сайын Жеңіс күні Қазақстан қалаларында Құрметті қарауыл қатысуымен Мәңгілік от пен жауынгерлер зираттарына гүлшоқтар қойылып, салтанатты рәсімдер өтеді. Дәстүрлі түрде барлық ардагерлер үшін: оларды Жеңіс мейрамымен құттықтау, «Мәңігілік полк» қозғалысы сияқты мерекелік іс-шаралар, сондай-ақ, жауынгер асымен сыйлайтын шатырлы қалашықтар тұрғызылып, майдан тақырыбында театрландырылған көріністер мен мерекелік концерт ұйымдастырылады.
   ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан кітап көрмесінде қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысындағы, Сталинград шайқасындағы, Мәскеу түбіндегі шайқастағы ерліктері туралы құжаттық материалдар мен қазақстандық авторлардың көркем әдеби шығармалары ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование