KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885781
2019 жылы:  19496
бүгiн:  1
қазiр:  44
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

11.05.2017

   «Қазақстан кітаптары» қызметінің ғалымдар залында әдебиеттанушы, сыншы, филология ғылымдарының докторы, профессор, мемлекет қайраткері Базарбаев Мүсілім Базарбайұлының 90 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Мүсілім Базарбаев 1927 жылы 15 мамырда Қызылорда облысы Сырдария ауданының Кекірелі ауылында дүниеге келген. 1948 жылы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қаз.ҰУ) және СОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген (1956).
   М. Базарбаев 1956-1961 жж. Қазақ КСР Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институты директорының орынбасары, 1961-1970 жж. М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, 1970-1976 жж. Қазақ КСР-і Мәдениет министрі,  1976-1981 жж. Қазақ КСР Сыртқы істер министрі, 1981-1986 жж. М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, 1986-1995 жж. аталған институтта қазіргі қазақ әдебиеті бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.
   М. Базарбаевтың ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ әдебиетінің көркемдік ерекшеліктері, әдебиеттану мәселелеріне арналған. «20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті» ұжымдық монографияларын құрастыруға жетекшілік жасады. 1956 жылы «Қазақ совет поэзиясындағы еңбек тақырыбы» атты кандидаттық диссертациясын, 1971 жылы «Қазақ поэзиясындағы ұлттық дәстүрлер және жаңашылдық» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
   М. Базарбаев орта мектептерге арналған «Қазақ совет әдебиеті» 10 сынып (1954), «Қазақ әдебиеті» 11 сынып (1989) атты оқулықтардың және қазақ әдебиетінің алты томдық тарихы (1960-1967), «Қазақ әдебиетінің тарихы» үш томдығы (1968-1979) авторларының бірі. Ол «Әдебиет және дәуір» (1966), «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» (1973), «Қазақ поэзиясындағы еңбек адамының бейнесі» (1961), «Өміршең дәстүрлер» (1962), «Біздің әдебиеттің эстетикалық байлығы» (1976), «Көрікті ойдан – көркем сөз» (1994), «Қазақ поэзиясы: көркемдік ізденістер» (1995), «Замана тудырған әдебиет» атты қазақ және орыс тілінде жарық көрген монографиялардың авторы. М. Базарбаев М. О. Әуезовтің 12-томдық шығармалар жинағының бірінші  басылымының (1967-1969) бас редакторы. Шәкәрім Құдайбердиевтің шығармашылығын зерттеді. М.Базарбаевтың аударуымен И.С.Тургеневтің «Ася», «Бекет үй», «Алғашқы махаббат», «Көктемгі тасқын» повестері қазақ тілінде жарық көрді.
   М.Базарбаев екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің мақтау грамоталарымен марапатталған. М. Базарбаев Қазақстан Коммунистік партиясының XIII, XIV,XV съездерінің делегаты. 1971-1985 жж. VIII, IX және X шақыртылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
   Алматы қаласындағы көшеге және №138 гимназияға М. Базарбаевтың есімі берілген.
   Мүсілім Базарбаев 1995 жылы 11 қарашада өмірден өтті.

   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан ғалымның өмірі мен қызметі туралы материалдар, оның шығармалары, ғылыми еңбектері, аудармалары, мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалары, туған-туысқандары мен әріптестерінің естеліктері қойылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование