KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885823
2019 жылы:  19538
бүгiн:  1
қазiр:  36
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

24.05.2017

   2017 жылғы 24 мамырда жазушы, драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, халықаралық ПЕН-клуб сыйлығының лауреаты Д.Исабековтің ресейлік әйгілі «Художественная литература» баспасынан шыққан 4 томдық таңдамалы шығармалар жинағының тұсаукесері өтті.

   КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ә.Нұрпейісовтің алғы сөзімен басталған аталмыш 4 томдық жинаққа жазушының Мәскеуде жарық көрген оқырманға кеңінен таныс және бүкілодаққа да таралып үлгерген таңдаулы прозалық және драмалық шығармалары енген. Жазушының «Отчий дом», «Новоселье в старом доме» («Советский писатель» - 1979, 1986), «Транзитный пассажир» («Русская книга» - 2002). Европаның өзге де тілдеріне аударылып, жарияланған жазушының «Гауһар тас», «Үднемес», «Біз соғысты көрген жоқпыз» және «Қабылан» атты шығармалары кейінгі жылдары ағылшын тіліне аударылып, кітап болып Лондонда басылып шықты. Драматургтің жинаққа енген көптеген пьесалары Ресей, Болгария, Түркия, Англия, Башқұртстан сияқты алыс-жақын шетел сахналарында қойылып келеді.
   Д.Исабековтің шығармашылығы жайында «Литературная газета», «Советская культура», «Вопросы литературы», «Литературная учеба», «Московские новости» сынды газет-журнал беттерінде де талай мақалалар жарияланған болатын.
    Кеңес үкіметі ыдырағанымен жазушының шығармашылығына деген оқырманының қызығушылығы жоғалған жоқ. Мәскеудің «Художественная литература» баспасынан орыс тілінде жарық көріп отырған «Таңдамалы шығармалардың 4 томдық жинағы» соның айғағы.
   Модератор: Жазушы, кинодраматург, журналист, сценарист, Қазақстан жазушылар Одағының хатшысы Елубай Смағұл.
   Сөз сөйлегендер: Әбдіжәміл Нұрпейісов, Бексұлтан Нұржекеев, Мұрат Жұрынов, Темірхан Медетбек және т.б.

            

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование