KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885811
2019 жылы:  19526
бүгiн:  1
қазiр:  24
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

23.05.2017

  Әлем әдебиеті залында орыс ақыны, жазушы, прозаик және драматуг Алексей Константинович Толстойдың 200 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Алексей Константинович Толстой 1817 жылдың (24 тамыз)  5 қыркүйегінде Петербургте дүниеге келді. Ол Мәскеу университетінің тіл дамыту бөлімінде білім алып, оны 1836 жылы аяқтады. 1834 жылы Мәскеудегі сыртқы істер министірлігінің мұрағатында қызмет етті, содан кейін дипломатиялық және әскери қызметте болды.
Әдеби шығармашылық қызметін 1840 жылдан лирикалық өлеңдер мен балладаларды шығарудан бастады. Әйгілі шығармалрының ішінде:  «Колокольчики мои», «Ты знаешь край, где всё обильем дышит», «Шумит на дворе непогода» және т.б. бар.
   Оның бірінші басылымы  - фантастикалық «Упырь» повесі (1841, Красногорский лақап атымен). Мистикалық фантастика тақырыбы «Семье вурдалаков» және «Встрече через триста лет» шығармаларында орын алған.  Амена» (1846) повесінде ертедегі християндық пен артқа шегіну тақырыбы сөз болады.
   1854 жылы ол «Современникке» ағайынды Жемчужниктермен бірлесіп Козьма Прутков атты лақап автордың атымен өлеңдері мен пародияларын басып шығарды.  1850 жылдардың аяғында славянофильдік  «Русская беседа», содан кейін «Русский вестник» және «Вестник Европымен» бірлесіп қызмет істеді. 1861 жылы ол сарайдан  кетіп, толығымен шығармашылыққа бет бұрды. Өзінің «Дон Жуан» (1862) драмалық поэмасын, «Князь Серебряный» (1863) тарихи романын, «Смерть Иоанна Грозного» (1866), «Царь Федор Иоаннович» (1868), «Царь Борис» (1870) тарихи қайғылы трилогияларын жарыққа шығарды. Оның алғашқы өлеңдер жинағы 1867 жылы жарық көрді.
   Өмірінің соңғы он жылдығында ол балладалар («Роман Галицкий», «Боривой», «Илья Муромец», «Садко» және т.б.), поэмалар, лирикалық өлеңдер жазды. 1898 жылы «Царь Федор» қойылымы Мәскеу көркем театрында ашылды. Алғашқы екі трагедиялық трилогиясы кеңес театрларының репертуарларына түпкілікті енді. Толстойдың лирикалық өлеңдері қарапайым әрі шынайы. Мысалы «Средь шумного бала, случайно», «То было раннею весной» және т.б. 70-тен аса өлеңдері орыс композиторлары - Римски-Корсаковтың, Чайковскийдің, Мусоргскийдің, Рубинштейннің, Танеевтың және т.б. өлеңдеріне қойылған.
   Алексей Константинович Толстой 1875 жылы (28 қыркүйекте) 10 қазанда Черниговск губерниясының Красный Рог ауылында қайтыс болды. Қазіргі уақытта Красный Рогта жазушының мұражай шаруашылығы орналасқан.

   Кітап көрмесіне жазушының орыс және қазақ тілдеріндегі шығармалары қойылған.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование