2017 жылғы 23 мамырда Е.Тұрсынов киноклубында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай кітапхана қызметкерлерімен ұйымдастырылған, «Ән салады мамандар» жобасының финалисттері –«Каспий әуендері» тобының қатысуымен концерттік кеш өтті.
«Ән салады мамандар» жобасы – әр түрлі маман иелерін сахнаға шығарып, ән салдыратын жоба. Олардың әрқайсысы өз ісінің шебері. Алайда бұл шоуда өзге бір мамандық иелерімен өзара бақ сынасады. «Каспий әуендері» тобы «Ән салады мамандар» жобасының финалына шыққан топтардың бірі. Маңғыстаудан келген бұл топ мүшелері – бір үйдің 5 баласы. Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасы директоры Ж.Т.Сейдуманов ашып, каітапхана қызметкерлері мен эстрада жұлдыздарына алғыс хат тапсырды..
|