KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 02 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15058760
2019 жылы:  124295
бүгiн:  136
қазiр:  16
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

26.05.2017

   2017 жылғы 26 мамырда Н.Дәулетова залында қазақ әдебиетінің классигі, ақын, жазушы, драматург Омарғазы Айтанның дүниеге келгеніне 85 жыл толуына орай "Құстар қайғысы" атты жыр жинағының тұсаукесері өтті.

   Омарғазы Айтанұлы 1931 жылы 20 қарашада, Шынжаңның Тарбағатай аймағы, Толы ауданының Майлы тауында дүниеге келген. 1957 жылы Шынжаң университетінің әдебиет факультетін бітірген. 1957-1959 жылдар аралығында «Шұғыла» әдеби журналында редакторлық қызмет атқарған.
   Ақын Қытайдың әсіре қызыл саясаттың салдарынан 1959 жылдан 1978 жылға дейін жер аударылып, ауыр еңбек майданында қатаң бақылауда болған. 1978 жылғы Қытай саясатының оңала бастауына орай, ақынның да нақақ жалалы өмірі ақталып, саяси құқығы мен қоғамдық қызметі қалпына келтірілді.
   Артына «Құс жол», «Түйе», «Сәукеле» қатарлы жыр жинақтарымен бірге, «Аң шадырын оқ табар», «Таразы» романдары және көптеген драмалық шығармалар қалдырған ұлы қаламгер 1997 жылы 26 мамырда Үрімжі қаласында қайтыс болды.
   Ұйымдастырушылар: ҚР Ұлттық кітапханасы және «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры.
   Сөз сөйлегендер: А.Ахметбек, Ж.Бөдеш, Ж.Түркия, Е.Бапи, Ж.Жәнеғұлұлы.

  



« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование