KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 02 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15058834
2019 жылы:  124369
бүгiн:  210
қазiр:  3
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

26.05.2017

   2017 жылғы 26 мамырда Е.Тұрсынов киноклубында «Невада – Семей» Халықаралық антиядролық қозғалысының І жастар конференциясы өтті.

   Невада-Семей, ядролық жарылысқа қарсы халықаралық қозғалыс – танымал қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовпен құрылған қоғамдық-саяси ұйым. 1989 жылы 28 ақпанда құрылып, қазан айында ресми тіркелді. Республика халқынан кеңінен қолдау тапқан қозғалыс ядролық жарылыстарға қарсылық білдіріп, әлемдегі ядролық қауіпті жоюды мақсат етті, Семей ядролық полигонында ядролық сынақтарды тоқтатуға қол жеткізді. Қазақстанның көптеген қалалары мен аймақтарында, сондай-ақ Ресей, АҚШ, Италия,Жапония, Түркия, т.б. елдерде ұйымның бөлімшелері құрылған. Қозғалыстың белсенді қызметінің арқасында БҰҰ 53-сессиясы “Қазақстандағы Семей өңірі адамдары денсаулығы мен экологиясын сауықтыру және экономикасын дамыту мақсатындағы халықаралық ынтымақтастық пен іс-қимылды үйлестіру” қарарын қабылдады. 
   «Невада – Семей» қозғалысы әлемде ең алғаш рет жаңа моделді – халықтық және парламеттік дипломатияларының өзара жұмысын қолданып жетістікке жетті. Қазақстанға АҚШ (Невада штатынан) делегациясы келіп, бүкіл әлемде ядролық сынақтарды тоқтатуға шақырып, бейбіт шерумен өтті. Нәтижесінде бұл қозғалыс халықаралық атауға ие болды.
   Олжас Сүлейменов Қазақстан табиғатының жандануы мен сақталуындағы ««Невада – Семей» Халықаралық антиядролық қозғалысы жастарының міндеті туралы» баяндама жасады.
   Қатысушылар: ардагерлер, университеттер мен колледждер студенттері, «Невада – Семей» қозғалысының Жастар қанаты өкілдері, БАҚ өкілдері.

    

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование