KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885756
2019 жылы:  19471
бүгiн:  1
қазiр:  30
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

24.05.2017

   «Өнер» бөлімінің оқу залында суретші-кескіндемеші, Қазақстанның халық суретшісі Қ.Телжановтың  (1927-2013) туғанына 90 жыл толуына арналған «Кескіндеме өнерінің шебері» атты кітап көрме¬сі ұйымдастырылды.

   Қанапия Телжанов 1927 жылы 1 мамырда Омбы облысында туылды. Монументті кескіндеме өнерінің негізін салушылардың бірі, педагог, қоғам қайраткері, Қазақстанның (1963) және КСРО (1978) халық суретшісі, Қазақстан Ғылым Академиясының (1994) және КСРО Көркемсурет академиясының (1967) корреспондент-мүшесі, Халықаралық жоғары мектебі Ғалымдар Академиясының құрметті академигі (1955). 1937 жылы КСРО Көркемсурет академиясы жанындағы дарынды жасөспірімдер көркемсурет мектебіне қабылданған. 1947 жылы Алматы көркемсурет училищесін, ал 1953 жылы Ленинградтың  (қазіргі Санкт-Петербургтің) И.Е. Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет өнері иниститутының кескіндеме факультетін (академик М.И. Авиловтың шеберханасы бойынша) бітірген, 1953-1958 жж. Алматы театр-көркемсурет училещесіне ұстаздық еткен. 1964-1968 жж. Қазақстан суретшілер одағы басқармасының төрағасы, КСРО Суретшілер одағы Басқармасының хатшысы әрі мүшесі (1964-1986). Суретші туындыларына  қазақ халқының өмірі мен тұрмысының кішкене әдемі көрінісінен зор бағалы суреттерге замани және тарихи тақырыптарға символды ауысу үндестігі: «Амангелді Иманов» (1953), «Алғашқы рет» (1954), «Алмасу», «Жамал», «Әмина әже», «Домбыра әуендері» (1955), «Ата мекен», «Қазақстан  1918 жылдары» (1958), «Күн сәулелі өлкеде», «Көкпар» (1960), «Бейбітшілік оттары» (1961), «Ильич өсиеттері», «Шопандар», (1962), «Тыныштық» (1964), «Бүркіт салу» (1965), «Кеңес», «Қыз қуу» (1966), триптихтар «Бастау» (1967), «Қазан», «Тасқын», «Ұшқын», «Әнші» (1970), «Бақыттылар», «Бозаралдықтар» (1978) еңбектеріне тән. К.Т. Тельжанов  1961 жылдан  КПСС мүшесі,  1965-1968 жылы Қазақстан суретшілер одағы Басқармасының төрағасы. К. Телжановтың картиналары Қазақстанның, Ресейдің мұражайларында (Мәскеу қаласындағы Третьяков галереясындағы және шет елдердегі жеке меншік галереялар қорында (АҚШ, Қытай, Жапония т.б.) сақтаулы. Парасат, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.
   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының кітап және мерзімдік басылымдар қорынан қазақтың суретші-кескіндемешісі, К. Телжановтің  өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған.  
   

   Кітап көрмесіне келіңіздер!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование