KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 02 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15058726
2019 жылы:  124261
бүгiн:  102
қазiр:  1
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

08.06.2017

   2017 жылғы 12-13 маусымда (сағ. 22.00 – 02.00) Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында «Қоғамның рухани көкжиегіне жазушылардың ықпалы. Әлемнің тұрақты дамуы» атты Халықаралық әдеби биеннале аясында «Орталық Азия – Араб әлемі: тарих пен мәдениеттің өзара ықпалдастығы» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтеді. Конференция Ұлттық кітапханада өткізілетін Библиотүннің негізгі іс-шарасы болып табылады.

   Тәуелсіздік алғаннан бастап Ислам әлемімен өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы басымдықтардың бірі болды. Кеңес Одағы кезеңінде мұсылман әлемімен байланыстың ұзақ уақыт үзілісінен соң Қазақстан ғасырлар тоғысында Араб әлемімен жаңа байланысқа шықты. Ислам әлемі өз тарапынан Қазақстанды мұсылман қоғамдастығының ажырамас бөлігі ретінде қабылдайды.
   Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Нұр-Мүбарак» Мысыр ислам мәдениеті университеті.
Конференцияның мақсаты:
• Тарих, ғылым және мәдениет саласындағы ғылым мен білім беру мекемелерінің ғалымдары, зерттеушілері мен мамандарының ынтымақтастығына мүмкіндік жасау.
• Орталық Азия ғалымдары мен олардың  әр саладағы жетістіктерімен таныстыру.
• Орталық Азия (Қазақстан – Өзбекстан – Түркменстан – Тәжікстан - Қырғызстан) мен Араб әлемі халықтары арасындағы өзара өркениет байланысын талқылау.
• Арабтар мен түркілер арасындағы мәдени байланыстардың қалыптасуы, жағдайы және перспективалары бойынша жан-жақты сұхбаттасуларға бастамашылық ету.

   КОНФЕРЕНЦИЯ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:
1. Орталық Азия мен Араб әлемі арасындағы мәдени байланыстардың басталу тарихы мен дамуы;
2. Орталық Азия халықтарының исламды таратудағы рөлі;
3. Орталық Азия мен Араб әлемі халықтарының өркениеттері арасындағы өзара байланыс;
4. Орталық Азия мен Араб әлемі арасындағы саяси, экономикалық және мәдени байланыс;
5. Орталық Азия елдері мен Араб әлемі арасындағы мәдени байланыстардың мәселелері мен даму перспективалары.

   Конференцияға қатысуға отандық және шетелдік ғалымдар, білім беру, ғылым және мәдениет мекемелерінің мамандары шақырылады.

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование