KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885749
2019 жылы:  19464
бүгiн:  1
қазiр:  26
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

08.06.2017

                                           ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘДЕБИ БИЕННАЛЕ

Қоғамның рухани көкжиегіне жазушылардың ықпалы. Әлемнің тұрақты дамуы.

Өтетін орны және уақыты: Алматы қ., Абай даңғылы 14, 2017 жылғы 12-14 маусым

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы,
                                    Қазақстан Жазушылар одағы

   Қолдау көрсетушілер: ҚР Президент Әкімшілігі, ҚР Премьер-Министрдің кеңсесі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясы, Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) аймақтық өкілдігі, «Ақ Орда» Республикалық қозғалысының Құрметті төрағасы Қайрат Сатыбалдыұлы.
   Қатысушылар: әдебиет бойынша Нобель және басқа да сыйлықтардың лауреаттары, белгілі жазушылар, әлемдік ғылым және мәдениет қайраткерлері.
Халықаралық әдеби Биеннале «ЭКСПО-2017»  көрмесіне  арналған мәдени іс-шаралар циклы аясында өткізіледі. 
   Мақсаты–бүгінде тек экономикалық өзара әрекеттестікті нығайту ғана өзекті емес екендігін, сонымен қатар әдебиетшілердің шығармашылық әлеуетін пайдалана отырып, қоғамның рухани кеңістігін әрі қарай кеңейтуге үлес қосу керектігін көрсету.
   Биеннале әлемдік мәдениеттердің көптүрлілігіне құрметтілік  және түрлі елдер авторларының тең құқықты тілдесуі басты қағида болып табылатын халықаралық әдебиет алмасу үшін тұғырнама ретінде шығады. Биеннале Қазақстанды бір-бірімен тату өмір сүре алатын және достық пен рухани жақындасу қатынастарына ұласатын  сындарлы байланыстарды орната алатын  түрлі  ұлттық  мәдениеті мен  менталитеті бар  халықтар тұратын  қоғам  үлгісі ретінде көрсетеді.
  Биенналеге әлемнің 20-дан астам елінен ғылым және мәдениет қайраткерлері, әдебиет бойынша Нобель және басқа да сыйлықтардың лауреаттары, белгілі жазушылар, барлығы 100 қатысушы, оның ішінде 40-тан астам шетел қонақтары қатысады.

Биеннале бірнеше бағдарламаны қамтитын болады:
 «Орталық Азия - Араб әлемі: тарих пен мәдениеттің өзара ықпалдастығы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы,
•   Библио-түн,
• «Қоғамның рухани жаңғыруындағы кітапханалардың рөлі» дөңгелек үстел,
• «Ұлттық авторларды ағылшын тіліне аудару» дөңгелек үстел,
• «Маған кітап оқып берші»
халықаралық акциясының басталуы,
•  бейресми әңгімелесу,
•  кітап-экспозициялық және фотокөрмелер,
•  арнайы экскурсиялық бағдарламалар
•  әлемге танымал жазушылармен кездесулер.

   Биеннале қорытындысы бойынша, Әлем мәдениеті қайраткерлеріне Үндеу жасалынатын болады.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование