KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885760
2019 жылы:  19475
бүгiн:  1
қазiр:  31
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

31.05.2017

   2017 жылғы 31 мамырда «Қазақстан кітаптары» оқу залында кітапхананың жас мамандары үшін Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Саяси зұлмат кезеңі» атты кітап көрмесінің материалдары бойынша тақырыптық шолу өтті.

   Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні жыл сайын 31 мамырда атап өтіледі. Бұл күн сталиндік режим кезеңінде жазықсыз қаза болған зиялы қауым өкілдерін, олардың әйелдері мен балаларын еске алу күні болып табылады.
   Жаппай қуғын-сүргін – Қазақстан тарихындағы ең қаралы беттердің бірі. Кеңес Үкіметі іс-жүзінде елді үлкен бір абақтыға айналдырды десе болады. Қазақстан аумағында ең ірі лагерлердің жүйесі ГУЛАГ − АЛЖИР, СТЕПЛАГ, КАРЛАГ жайғасты. Қуғын-сүргін жылдары Қазақстан лагерлеріне 5 млн. астам адам жөнелтілді. Саяси қуғын-сүргіннің толқыны көптеген қазақ зиялы қауым өкілдерінің көзін құртты. Қазақ халқының көп ғасырлық тарихының ішіндегі аса қасіретті оқиғалардың бірі – 1930 жылғы «Ұлы жұт» болды. Қазақстан көптеген адам санының өліміне әкеліп соққан теңдессіз әлеуметтік тәжірибені өткізу үшін қажетті алып полигонға айналды. 1930-40 жылдары Қазақстанға бүкілдей халықтардың жаппай қоныс аударылуы кезеңі болды. Олардың саны 1 млн. 200 мың адам деп есептеліп отыр.
   Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні Қазақстанда түрлі іс-шаралар өткізіледі. Олар: құрбандардың ескеркіштеріне гүл шоқтарын қою, кітапханаларда фото және кітап көрмелерін ұйымдастыру, кинотеатрларда деректі фильмдерді көрсету, оқу орындарында «еске алу дәрістерін» өткізу және т.б.

   Тақырыптық шолудың мақсаты кітапхананың жас мамандарын еліміздің қасіретке толы кезеңдерінің тарихымен, 1920-50 жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргінмен таныстыру болып табылады. «Қазақстан кітаптары» қызметінің кітапханашылары «Дақ пен дат», «Алаш айнасы», «Ұлыларды ұлықтау» үш бөлімнен тұратын «Саяси зұлмат кезеңі» атты кітап көрмесімен таныстырды. ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан ұсынылған құжаттық материалдар сол жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің мағынасыздығын, мәнсіздігін түсінуге мүмкіндік береді. Тағдырлары қатыгез террор кезінде сынған адамдардың естеліктері барлық ұрпақ жадында сақталуы тиіс.

  

  


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование