KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885800
2019 жылы:  19515
бүгiн:  1
қазiр:  13
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

08.06.2017
   Әлем әдебиетінің оқу залында алдағы 12-14 маусымда «Қоғамның рухани көкжиегіне жазушылардың ықпалы. Әлемнің тұрақты дамуы» Халықаралық әдеби биеннале шеңберінде ұйымдастырылған «Шекарасыз кітап» атты безендірілген кітап көрмесі қойылған.
 
   Кітап көрмесінің мақсаты – кітапхананың бай қорын насихаттау, Биеннале қатысушыларының шығармашылығымен таныстыру, сонымен қатар мәдениет және әдебиет саласындағы халықаралық байланыстардың өзара әрекеттестігі мен нығаюы.
   Көрмеде Биенналеге 22 қатысушы елдердің әдебиеттері қойылған. Ол келесі бөлімдерден тұрады: «БҰҰ және Қазақстан тұрақты дамуының мақсаты» бөлімі Қазақстандағы БҰҰ-ның 25 жылдық қызметін ашады. «ЮНЕСКО және Қазақстан», «ИСЕСКО Ислам ұйымы: Білім. Ғылым. Мәдениет» бөлімдері.
   «Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы» бөлімі оқырмандарды Қазақстанның танымал жазушылары мен ақындарының: М. Отарбаев, Б. Шаханұлы, М. Байгута, С. Елубай, Н. Даутайұлы, Н. Капалбекұлы және т.б., шығармашылық жобаларындағы аударма әдебиеттерінде ұсынылған түркітілдес елдердің мәдениеті мен әдебиетінің өзара әрекеттестігін таныстырады.
   ҚР Ұлттық кітапханасы араб елдерінің XIX-XX ғасырлардағы бай шығыс әдебиет топтамасын ұсынады. Араб, парсы тілдеріндегі шығармалар оқырмандардың үлкен қызығушылығын тудырады. Олар А. Фирдоусидің «Шахнамесі», О. Хайямның «Рубайаттары».  
   Көптеген Француз және Финляндия әдебиеті шығармалары топтамаларының ішінде, Биеннале қонағы, дәрігер және қоғам қайраткері, Финляндия парламентінің бұрынғы депутаты - Илкка Тайпаленің еңбектері қойылған. Қазақстанда ағылшын авторларының кітаптары үлкен сұранысқа ие және қызығушылық тудырады, мысалы, О. Wilde. C. Byron, C. Bronte және де Биенналеге қатысушы, валлийлік  ақын, Ұлыбритания шығармашылық гильдиясының төрағасы - Перри Давид шығармашылықтары. Поляк авторларының топтама басылымдары бағалы кітаптарымен өзіне көңіл аудартады: Д. Биелинский (1905), П. Линдау (1892), Польшаның заманауи жазушысы Януш Вишневский және т.б.
   Көрмеде түркітілдес елдер мен парсы тіліндегі әдебиеттер айрықша орын алады. Түркияның әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты - Орхан Памуктің; профессор, доктор Адбулвахап Караның; Тәжікстан халық ақыны Г.Сафиеваның.,Түркмен жазушысы А.Алданазаровтың, Татарстан ақын-журналисі Р.М. Миннуллиннің, Әзербайжанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Абдуллаев Чингиз Али-оглының, өзбек жазушысы Ч.Акрамовтың, қырғыз жазушысы Ч. Айтматовтың еңбектері экспонатталған. 
   Биеннале қатысушыларының: Ресей Жазушылар одағы Мәскеу қалалық ұйымының мүшесі (Альманах «Казахстан-Россия») М.А. Замшев, жазушы «Роман-газетаның» бас редакторы Ю.В. Козлов, әдебиеттанушы, сыншы «Литературная Россия» газетінің бас редакторы В.В. Огрызко, «Библио-Глобус» сауда үйінің директоры Б.С. Есенькин шығармалары қойылады.
   Қытай, корей және үнді әдебиеттер топтамалары көрмеде көркем әдебиет, тарих, ғылым туралы басылымдарымен көрсетіледі.
   Көрмеге ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан 300-ге жуық мәдениет, білім, ғылым және әлемнің 22 тіліндегі кітаптар мен басылымдар және көркем шығармалар қойылған.
 
   «Шекарасыз кітап» атты кітап көрмесіне шақырамыз.

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование