KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885785
2019 жылы:  19500
бүгiн:  1
қазiр:  43
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

12.06.2017

   2017 жылғы 12 маусымда ҚР Ұлттық кітапханасында ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Премьер-министрі кеңсесінің, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, ҚР Сыртқы істер министрлігінің, ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясының, Біріккен Ұлттар Ұйымының  Қоғамдық ақпарат департаментінің өкілдігі, «Ақ Орда» Республикалық қозғалысының төрағасы Қайрат Сатыбалдыұлының қолдауымен Халықаралық Әдеби Биенналеннің ашылу рәсімі өтті.

   Халықаралық әдеби Биеннале «ЭКСПО-2017»-ге арналған мәдени іс-шаралар циклы аясында өткізілуде. Биеннале тақырыбы: «Қоғамның рухани көкжиегіне жазушылардың ықпалы. Әлемнің тұрақты дамуы».
   Астана қаласындағы көрме инновациялық, экологиялық таза және энергетикалық жобаларды енгізу бойынша өзінің ғылыми-техникалық жетістіктерін таныстырады. Алматы қаласындағы Биенналенің мақсаты – бүгінде тек экономикалық өзара әрекеттестікті нығайту ғана өзекті емес, сонымен қатар әдебиетшілердің шығармашылық әлеуетін пайдалана отырып, қоғамның рухани кеңістігін әрі қарай кеңейтуге үлес қосу керектігін көрсету.
   Биеннале әлемдік мәдениеттердің көптүрлілігіне құрметтілік және түрлі елдер авторларының тең құқықты түсінісуі басты қағидасы болып табылатын халықаралық әдебиет алмасу үшін тұғырнама ретінде шығады.
   Биеннале Қазақстанды бір-бірімен қатар өмір сүре алатын және достастық қарым-қатынас пен рухани жақындасуға ұласатын құрылымдық байланыстарды орната алатын түрлі ұлттық мәдениеті мен менталитетімен халықтар тұратын қоғамның үлгісі ретінде көрсетеді.
   Биенналеге әлемнің 24 елінен 40-тан астам шет ел қонақтары қатысуда.
   Іс-шараны ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықованың Үндеуімен және ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының құттықтау сөзімен ҚР Мәдениет және спорт минитрлігінің Жауапты хатшысы Уәлиев Қуатжан ашты.
   Құттықтау сөздермен БҰҰ Қоғамдық ақпарат департаментінің өкілі Самек Властимил, ЮНЕСКО Сыртқы байланыстар мен қоғамдық ақпарат жөніндегі Бас директордың орынбасары Эрик Фальт, ИСЕСКО Ерекше тапсырмалар жөніндегі Бас директордың уәкілі Тәжиев  Асқар, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Қасейінов Дүйсен және т.б. сөз сөйледі.
   «Кітап мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін» медалімен белгілі жазушылар мен қоғам қайраткерлері марапатталды, олардың арасында Қытай Халық Республикасының Жазушылар одағының мүшесі, жазушы Ақпар Мәжит, Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ғылыми әмбебап кітапхана директоры Айдарбекова Күлия, «Библио-Глобус» Кітап сауда үйінің директоры Есенькин Борис, Халықаралық Корей ПЕН-клуб президенті Ли Гиль Вон, Түркия Мәдениет және туризм министрлігінің қолжазба мұра департаменті бөлімінің меңгерушісі Кутан Хусейн.
   Сөз сөйлегендер: ҚР Мүфтиятының атынан Бас мүфтидің орынбасары шейх Мұхаммед Алсабеков, ҚР Академиялық кітапханасының директоры Мұңалбаева Үмітхан, академик Сартаев Сұлтан. 
   КСРО және Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов, Дүйсен Қасейінов, Смағұл Елубай, Иран-Ғайып Оразбаев, Нұрлан    Оразалиндерге ұлттық шапандар сыйға тартылды.
   Модераторлар: ақын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұрлан Оразалин, ақын, жазушы және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов.
   Сондай-ақ биеннале ашылуы барысында қазақстандық және шетелдік жазушылар сөз сөйледі.

  

        

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование