KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885725
2019 жылы:  19440
бүгiн:  1
қазiр:  9
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

13.06.2017

   2017 жылғы маусымның 12-сінен 13-не қараған түнінде Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында «Қоғамның рухани көкжиегіне жазушылардың ықпалы. Әлемнің тұрақты дамуы» атты Халықаралық әдеби биеннале аясында Библиотүн өтті.

   Библиотүн «Орталық Азия – Араб әлемі: тарих пен мәдениеттің өзара ықпалдастығы» атты халықаралық ғылыми конференциясымен ашылды. Тарих, ғылым және мәдениет саласындағы ғылым мен білім беру мекемелерінің ғалымдары, зерттеушілері мен мамандары 24 елден келген, 40-тан астам шет ел танымал ақын-жазушылары мен баспагерлерімен арабтар мен түркілер арасындағы мәдени байланыстардың қалыптасуы, жағдайы және перспективалары бойынша жан-жақты сұхбаттар өткізіп,  Орталық Азия (Қазақстан – Өзбекстан – Түркменстан – Тәжікстан - Қырғызстан) мен Араб әлемі халықтары арасындағы өзара өркениет байланысын талқылап,  Орталық Азия ғалымдары мен олардың  әр саладағы жетістіктерімен танысты. Сонымен қатар, Парсы әдебиеті орталығының директоры Мірбагеріфард Сейед Әлиасқар, Түркия мәдениет және туризм министрлігі Қолжазба мұрасы департаментінің Сирек кітаптар мен қолжазбалар бөлімі басшысы Кутан Хусейн, Халед Гханем, Дия Ахмад Хамад және басқа да қонақтар Ұлттық кітапхана директоры Сейдуманов Жанатпен, Дербісәлі Әбсаттармен және облыстық кітапхана директорларымен мәдени диалогтар жүргізді.
   Конференция ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы; Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты; Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар мен әлем тілдері университеті; әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті; «Нұр-Мүбарак» - Египет Ислам мәдениеті университеті.
   Сөз сөйлегендер: ҚР Ұлттық кітапхана директоры Ж.Т. Сейдуманов; Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты директоры Дербісәлі Әбсаттар қажы, «Нур-Мубарак» ислам дінінің Мысыр университетінің ректоры Жуда Басюни, профессор Әбдіуақап Қара, Халед Сейд Мухаммад Ғанам, Мухаммад Амин әл Әли, Абдуләзиз Хамадан, Ахмад Әли Хасан және т.б.
   Модераторлар: академик Дербісәлі Әбсаттар қажы және профессор Шамшәдин Керім, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар мен әлем тілдері университетінің профессоры Бөлекбаев Сағади және доцент Мухитдинов Рашид.
   Конференция барысында Ұлттық кітапхананың Сирек кітаптар мен қолжазбалар қорының жекеменшік иегері Әбілғазин Даниярдың және Дина Сәдуақас қажы Ғылманидың жекеменшік кітапханасының жәдігерлерімен толықтырылды.
   «Women of Kazakhstan» қоры мен Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы ұйымдастырған «Жібек жолы – 2017» Халықаралық кинопоэзия фестивалі аясында Орта Азия мен Шығыс ақындардың шығармаларынан түсірілген қысқаметражды фильмдер көрсетілді. Қазақстандық кинорежиссерлердің жеті мини-фильмдері көрсетілді: Шәкәрімнің өлеңдеріне «Любовница» (режиссер Джулия Гани), «Олжас Сүлейменовтың өлеңдеріне «Любая влага влитая в кувшин» (режиссер Ядыкар Ибраимов), Мұхтар Шаханов - өлеңдеріне «Ғайша» (Сәбит Әбди), Назгүл Сарыбаева - «Черный свет» (Айгүл Аксамбиева), Ғалымжан Жалаири - «Тяжело принять» (Сафар Шакеев), Белла Ахмадулина - «В тот месяц май» (Айнұр Ниязова) және Алексей Крыс - «Парить» (Нұрәлі Қадіров). Көрсетілім соңында «Жібек жолы – 2017» Халықаралық кинопоэзия фестивалінің кинорежиссерлерін дипломдармен марапаттады.
   Библиотүн Е.Тұрсынов киноклубында «Сұлтан Бейбарыс», «Қыз Жібек», «Небо моего детства», «Шал», «Көшпенділер» атты қысқаметражды фильмдер көрсетілімімен аяқталды.

  

  

  


 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование