KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885786
2019 жылы:  19501
бүгiн:  1
қазiр:  42
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

14.06.2017

   «Өнер» бөлімінің оқу залында қазақтың көрнекті дирижеры Шамғон Қажығалиевтың 90 жылдығына арналған «Маэстро» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Шамғон Сағаддинұлы Қажығалиев 1927 жылы Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында дүниеге келген.
   Дирижердің шығармашылық жолы барынша сәтті болды. Өзінің болашақ музыкант екенін ерте сезінген ол, орындаушылық шеберліктің сырларын тез арада игерді. Домбыра тартудың әліппесін 5 жасында үйренген ол, 10 жасында облыстық олимпиаданың жеңімпазы атанды, ал 20 жасында домбырашылар байқауының лауреаты болды. 25 жасында (1952 жылы) оның аты әйгілі болып, халқымыздың сүйіктісіне айналды, республикамыздың даңқты ұжымы - Құрманғазы атындағы Мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің бас дирижері әрі көркемдік жетекшісі болып тағайындалды.
   Ол Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясында оқып жүрген жылдары (1945-1950 ж.) скрипка класында (проф. Лесманнан), домбыра (Қазақ ССР-і халық әртісі Қ. Жантілеуов) және дирижерлық өнер бойынша (проф. А. Жұбанов пен доц. Л. Шаргородский) музыкалық білім алды. Осы жылдары ол оркестрдің солисі, әртісі және дирижері ретінде орындаушылық шеберлік мектебінен өтті. Құрманғазы атындағы оркестрдің бас маманы ретінде он жыл жұмыс істей отырып, кемелденген дирижер Ш. Қажығалиев 1960 жылдан бастап 1964 жылдың аралығында екінші рет проф. Э. Грикуровтың класы бойынша Ленинград консерваториясының опералық-симфониялық дирижер бөлімін бітіреді, содан соң (1968-1971 жылдары) Қазақ симфониялық оркестрін басқарады.
   1970 жылдан Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясында ұстаздық қызметпен шұғылданды. Ш. Қажығалиевтың басқаруымен оркестр М. Глинка, Л. Бетховен, В. Моцарт, П. Чайковский, А. Жұбанов, М. Төлебаев, Ғ. Жұбанова, С. Мұхамеджанов және т.б. композиторлардың шығармаларын орындап, әлемнің көптеген елдерінде өнер көрсетті.
   Ш. Қажығалиевтің жетекшілігімен Қытайда, Румынияда, Венгрияда, Финляндияда, Польшада, Италияда, Португалияда, Данияда және т.б. елдерде өнер сапарларында болды.
   Шамғон Қажығалиевтың қажырлы еңбегі тиісті дәрежеде бағаланды. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері (1982), Жастар мен студенттердің Бухарестте өткен дүниежүзілік фестивалінің жеңімпазы (1953), «Қазақстан Республикасының халық әртісі» (1967) және «КСРО халық әртісі» (1985), «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, «Құрмет Белгісі», «Халықтар достығы» ордендерімен марапатталған.

   Кітап көрмесінде Ұлттық кітапхананың кітап, нота, мерзімдік басылымдар қорынан Шомған Қажығалиевтың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған.                                   

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование