KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885806
2019 жылы:  19521
бүгiн:  1
қазiр:  19
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

12.06.2017

   12 маусым, сағ. 14-00-де Халықаралық әдеби биеннале аясында, әлем әдебиеті залында қазақстандық оқырмандар мен кітапханашылардың әлемдік танымал шетелдік жазушылармен халықаралық кездесуі өтті және «Маған кітап оқып берші» Халықаралық акциясы бастау алды.

   Кездесуді ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары А.Х. Юсупова құттықтау сөзбен ашты.
   Кездесудің модераторы ҚР БҒМ М. Әуезов атындағы Әдебиет институтының бөлім меңгерушісі – Ананьева С.В. БҰҰ Қоғамдық ақпарат департаментінің өкілі Самек В., Алматыдағы ЮНЕСКО кластерлік кеңсесіндегі қарым-қатынас және ақпараттар бөлімінің басшысы С. А. Карпов құттықтау сөз сөйледі.
   Сондай-ақ, Абдуллаев Чингиз Али оглы (Азербайжан) – ақын, Әзербайжан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Алланазаров А. (Туркмения) – жазушы, Ю.В. Козлов - жазушы «Роман-газетаның» бас редакторы, Огрызко В.В. –  әдебиеттанушы, сыншы «Литературная Россия» газетінің бас редакторы, Ли Гиль Вон (Оңтүстік Корея) – ақын, Халықаралық Пен-клуб корей орталығының президенті, Рысқұлов А.Р. (Қырғызстан) – халық ақыны, Қырғыз Республикасы Ұлттық жазушылар одағының төрағасы, Дэв Бхардуаж – Үнді құрлықаралық ассоциациясының директоры, «Кафла интерконтиненталь» әдеби журналының редакторы, Сафарян А.В. – профессор,  Ереван мемлекеттік университетінің тюркология кафедрасының меңгерушісі, Алиаскар Мирбагерифард Сеид (Иран) – парсы әдеби орталығының директоры, Эркин Азам (Өзбекстан) – жазушы, публицист, кинодраматург, Минуллин Р.М. – ресей ақыны, журналист татар тіліндегі  жаңа кітабымен таныстырып, сыйға тартты. Сондай-ақ кітапхана қорына жазушылар ағылшын, орыс, татар, корей, армян, қазақ тілдеріндегі кітаптарын сыйға тартты. Кеште корей, түркімен, қырғыз, парсы авторларының өлеңдері оқылды және Үнді өкілі Дэв Бхардуаж хинди тілінде өлең айтып, кездесуді жандандырды. Кеш өте қызықты өтті.
   Кештің қатысушылары: облыстық және қалалық, жоғарғы оқу орындары кітапханаларының өкілдері, оқырмандар, қазақстандық жазушылар, БАҚ өкілдері.

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование