KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885762
2019 жылы:  19477
бүгiн:  1
қазiр:  33
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

13.06.2017

   2017 жылғы 13 маусымда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Қоғамның рухани көкжиегіне жазушылардың ықпалы. Әлемнің тұрақты дамуы» атты Халықаралық әдеби биеналле 2017 шеңберінде кітапхана мамандарына арналған «Қазақстан кітапханаларының қоғамдық сананы жаңғыртудағы рөлі» атты дөңгелек үстел және «Ортақ Отан – ортақ тіл» республикалық кітапханалық жобасының тұсаукесері өтті.

   Дөңгелек үстелдің модераторы ҚР Ұлттық кітапханасы директорының ғылым жөніндегі орынбасары А.Х.Юсупова болды.
   ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ж.Т.Сейдуманов дөңгелек үстелді құттықтау сөзбен ашып,  «Анаға тағзым» кітабы үшін «Жалын» журналы жариялаған байқауда Ғ.Мүсірепов атындағы  сыйлықтың иегері болғандықтан, кеше Халықаралық әдеби Биенналенің ашылу салтанатында «Кітап мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін» медалімен марапатталған Оңтүстік Қазақстан облыстық «Отырар» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Айдарбекова Күлия Смайылханқызын тағы бір мәрте құттықтады. 
   Дөңгелек үстел жұмысы қатысушыларды таныстырумен басталды.
   Қазақстандық жазушы, «Ситуативный казахский» үш томдығының авторы Қ.Ғ.Тасыбеков «Ортақ отан - ортақ тіл» («Общая земля-общий язык») республикалық кітапханалық жобасының тұсаукесерінде сөз алды.
   Дөңгелек үстелдің негізгі тақырыбы республика кітапханаларындағы қазақ жазуының латын әліппиіне көшу мәселесі бойынша болды. Тарих ғылымдарының кандидаты Т.А. Нұрпейіс аталған тақырыпта баяндама жасады.
   Дөңгелек үстел барысында кітапхана ісіне кадрлар дайындау бойынша ҚР Ұлттық стандарттары, Сертификаттау орталығы, Қазақстан кітапханаларының бүгінгі күнгі жағдайы және тағы басқа мәселелер талқыланды. 
   Ақпарат, кітапхана және баспа ісі, Қазақстан Ресупбликасының Ұлттық стандарттары бойыншаҰлттық мемлекеттік Кітап палатасының жетекші маманы баяндама жасады. Ғылыми-әдістемелік қызметінің маманы Э.Ж.Әзіретбергенова Қазақстандағы жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарындағы білім беру туралы ақпаратпен таныстырды.
   ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары А.Х.Юсупова «Қазақстан кітапханаларының бүгінгі жағдайы» тақырыбында қысқаша шолу жасады. 
   Дөңгелек үстелдің соңында «Оқырманы озық өлке» 2016 байқауының жеңімпазы С.Сейфуллин атындағы әмбебап ғылыми кітапханасына «Кітап және Кітапхана. Книга и Библиотека. Book & Library» журналының 10 данасы, ал басқа облыстық кітапханаларға кітаптар сыйға тартылды.

  

  


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование