KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885783
2019 жылы:  19498
бүгiн:  1
қазiр:  44
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

16.06.2017

   Мерзімді басылымдар қызметінің оқу залында «Мектеп» баспасының 70 жылдығына орай көрме ұйымдастырылды.

   «Мектеп» баспасы 1947 жылдың мамыр айында құрылды. 1947 жылдың наурызында КСРО Министрлер Кеңесі Қазақстанда оқулық шығаратын баспа ашу туралы шешім қабылданды. Ал осы жылдың мамыр айында Қазақ КСР Министрлер кеңесінің шешімімен «Қазақ мемлекеттік оқу-педагогикалық («Учпедиз»)» баспасы  құрылды. «Учпедиз» 1964 жылы «Мектеп» болып өзгертілді. 1990 жылы баспа «Рауан» деп аталды, ал 2001 жылы наурыз айында ол ескі атауы «Мектеп» болып өзгертіліп жұмыс істей бастады. 
   «Мектеп» баспасының мақсаты республикамыздың мектептері мен жоғарғы оқу орындарына оқулықтар шығару, сондай-ақ шетелдегі қазақ диаспорасын қамтамасыз ету. Ұзақ уақыт бойы ол республикадағы мектептерді оқулықтармен және оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз еткен жалғыз кәсіпорын болды.
   1999 - 2001 жылдары «Мектеп» баспасы отандық оқулықтарды жасау максатты бағдарламасына сәйкес 8-11сыныптарға оқулықтар мен оқу–әдістемелік кешендер шығаруды жүзеге асырды.
   Бұл бағытта көрнекті ғалымдар, тәжірибелі әдіскерлер мектепте көпжылдық жұмыс тәжірибесі бар мұғалімдер жұмыс істеді. Баспа құрылғалы ең күрделі әдебиеттер-оқулықтар түрлерін шығаруға мүмкіндік беретін үлкен кәсіби және интеллектуалдық тәжірибе жинақтады. Баспа жылына 300-ге жуық оқулық, әдістемелік құралдар, бейнефильмдер, электрондық оқулықтар, сондай-ақ білім беру стандартына сай қазақ, орыс, уйғыр және өзбек тілдерінде көркем әдебиеттер шығарды. Олардың барлығы Қазақстан Республикасыныңбілім беру стандартына, оқу бағдарламасына әдебиеттерін басып шығару Мемлекеттік стандартына сәйкес.

   Көрмеде Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының мерзімді басылымдар қорынан «Мектеп» баспасына арналған және баспадан басылып шыққан әр жылдардағы материалдар ұсынылады.

   Көрмеге шақырамыз!

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование