KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 03 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15059570
2019 жылы:  125105
бүгiн:  1
қазiр:  6
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

21.06.2017

   2017 жылдың 21 маусымында ҚР Ұлттық кітапханасының қоры Түрікменстан Президенті Бердымухамедов Гурбангулының қазақ тіліндегі кітаптарымен толықты. Кітаптың үш бөлімі ҚР Олимпиада комитетінің және ҰОҚ ҚР Президентінің кеңесшісі Бақытжан Ордабаевпен сыйға тартылды.

   ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің Президенті Тимур Кұлыбаевтың бастамасы бойынша барлық үш кітап қазақ тіліне аударылған.
   Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымухамедов «Ақалтеке тұлпары – мақтанышымыз бен абыройымыз», «Тұлпардың шапшаң шабысы», «Көк тұлпарларының самғауы» атты кітаптарында өзінің жылқыларға деген махаббатын жеткізген. Бұл кітаптардың әрқайсысы мыңдаған данада шығарылды. Жылқылардың мінез – құлқын, құпиясын зерттеген автор  ұлттық қадір – қасиет ретінде елдегі асыл тұқымды жылқы саласын дамыту туралы жазады.
   Кітаптың тұсаукесері ҚР Ұлттық кітапхана ұжымында, Алматы қаласы мен Алматы облысының түркімен әлеуметтік – мәдени орталығының өкілдері Гульнар Аннакулиева, Нурмухан Боранбаевтың қатысуымен өтті.

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование