KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885726
2019 жылы:  19441
бүгiн:  1
қазiр:  10
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

23.06.2017

   2017 жылғы 23 маусымда ҚР Ұлттық кітапханасының «Кітапхана» арт-галереясында, 23 маусым 24 шілде аралығында өтетін «Қазақстанның заманауи суретшілері» атты картиналар көрмесінің ресми ашылуы өтті (ҚР Ұлттық кітапханасының 1 қабаты). Көрмеде еліміздің алты үздік суретшісі: Анара Абжанова, Зейнелхан Мұхамеджан, Сержан Баширов, Оразбек Есенбаев, Хашим Кұрбанов, Арман Баймұратов өз жұмыстарын ұсынған.

   «Кітапхана» арт-галереясының мақсаты қазақстандық арт-қауымдастықтың туындыларымен көпшілікті таныстыру. Көрмеде тақырыбы, жанры және стилі тұрғысынан суретшілер буынының сан-алуан жұмыстар ұсынылды.
   Бір алаңда алты отандық авторлар келушілерді кескіндеме, графика, кестеленген картина, сәндік-қолданбалы өнер сияқты дәстүрлі түрлерімен қатар, инсталляция және сомдау сияқты жаңа түрлерімен де таныстырды. 
   Көрменің ең танымал қатысушысы АНАРА ӘБЖАНОВА. Оның картиналарына шетелде жыл санап ерекше қызығушылық танытуда. Бүгінде Анара – танылған суретші-пейзажист, әлемнің белді байқауларының алтын жеңімпазы және финалисті.
   Кестеші-суретші ЗЕЙНЕЛХАН МҰХАМЕДЖАН өз жұмыстарын ұсынды. Ол қазақша кестенің сақталуы үшін көп еңбектенді және ілмекпен кестеленетін ежелгі қазақ кестесінің негізінде жаңа өнер түрі болып табылатын «біз кестені» ойлап тапты.
   Суретші-зергер және мүсінші СЕРЖАН БАШИРОВ «этно-авангард» деп аталатын өзіндік стиль ойлап тапты. Баширов ассиметриялық, абстракционизм және модерн бағытын халық өнерінің табиғи түрлерімен үйлестірді. Суретшінің сүйікті композициялық тәсілі – ағаштарды түрлі техникада және қарама-қарсы фактурадағы күміс, тас, сүйектермен үйлестіре қолдану.
   График және кескіндемеші ОРАЗБЕК ЕСЕНБАЕВ «жібек матаға шарлы қаламмен сурет салу» авторлық техникасының арқасында танымал болды. Суретші айнала қоршаған ортаны аңғару және дәл көшірмесін беру қабілетіне ие. Оның көркем стилі дәстүрлі реализмге жақын, ол сол арқылы абстрактылы формаларға жақындайды.
   Ұйғыр суретшісі ХАШИМ ҚҰРБАНОВ қазақстандық өнер туындысының өкілі. Оның жарқыраған, поэтикалық шығармашылығы ежелгі ұйғыр халқының сәндік асқабақтардан қуыршақ жасау өнеріне қызығушылық танытуынан бастау алған. Сан бояулы, халық үлгісіндегі асқабақ-қуыршақтардың арқасында Құрбанов кескіндеменің бірегей қарапайым түрі – примитивизм мен сәндік фольклордың қосындысын ойлап тапты. 
   Мүсінші, кескіндемеші, дизайнер АРМАН БАЙМҰРАТОВ реализм мен абстракцияның тоғысуынан туындаған пішінделген кескіндеме стиліндегі жұмыстарын ұсынды. Баймұратовтың кескіндемелері ерекше, шығармашылық нақышы, сипаты мен образдарының мазмұны жағынан көп қырлы.

  

  



« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование