KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885831
2019 жылы:  19546
бүгiн:  1
қазiр:  37
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

29.06.2017

   2017 жылы 29 маусымда Н.Дәулетова залында белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, «Парасат», «Құрмет», «Барыс» ордендерінің иегері, филология ғылымдарының докторы, профессор, жазушы, Қорқыт Ата мұралары бойынша ғылыми-зерттеу орталығының  директоры Мырзатай Жолдасбековтің 80 жылдығына орай «Фолиант» баспасынан жарық көрген «Дүние шіркін...», «Кісілік кітабы», «Күндерімнің куәсі» және Болат Бодаубай Мырзатай Жолдасбековтың өмірбаяны туралы жазған «Таңғаламын өмірдің ғажабына» атты кітаптардың тұсаукесер рәсімі өтті.

   «Дүние шіркін...» Көрнекті мемлекет қайраткері, түрколог ғалым, руханият жанашыры Мырзатай Жолдасбековтің толғаныстан, терең тебіреністен туған біршама әндері мен күйлері бар. Автор шығармалары адам баласының өмірге деген махаббатын, сүйініші мен күйінішін, ынтызарлығы мен іңкәрлігін тәтті сағынышқа ұластырып, жүрек қылын қозғайды. Кітап өнерсүйер қауымға, музыкатанушы мамандар мен жалпы көпшілікке арналған.
   «Күндерімнің куәсі...» Күнделік кітаптарының бәрінде де автор ел тарихы, ел тағдыры, тәуелсіздік тағылымы, заман, қоғам, адам туралы; өмір, адамгершілік, кісілік туралы; жер, дін, тіл туралы терең тебіренеді, оқушысымен сырласады. Бұл күнделіктерді сонымен бірге Тәуелсіздігіміздің шежіресі десе де болады.
   «Кісілік кітабы...» Бұл кітабында «Қазақ қайтсе қалады қазақ болып» деген мәңгілік сұраққа жауап іздеген автордың мемлекеттік мүдде, адамгершілік, кісілік турасында жазған мақалалары мен сөйлеген сөздері енгізіп отыр.
   «Таңғаламын өмірдің ғажабына...» Екі кітаптан тұратын, сыр-сұхбатқа құрылған бұл романда ұлт мұраты жолында ғұмыр бойы жан аямай қызмет етіп келе жатқан Мырзатай Жолдасбеков ағамыздың күреске, ғибратқа толы өмір жолы көркем тілмен кестеленеді.
   Модератор: Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин.
   Іс-шара аясында ҚР Ұлттық кітапхананың қорынан Мырзатай Жолдасбековтың өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
   Сонымен қатар, іс-шара шеңберінде қазақ халық әртістері Мырзатай Жолдасбековтың әндері мен күйлері орындады.
   Қатысушылар: Ө.Айтбайұлы, С.Елубай, Ш.Сариев, Ә.Асқар, М.Айтқожина, Амантай қажы және басқа да белгілі ақын-жазушылар, баспагерлер, қоғам қайраткерлері, әдебиеттанушылар.

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование