KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885818
2019 жылы:  19533
бүгiн:  1
қазiр:  31
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

30.06.2017

   2017 жылғы 30 маусымда ҚР Ұлттық кітапханасының Е.Тұрсынов залында Алматы полиграфиялық колледж түлектеріне диплом   беру рәсімі өтті.

   Қазақстанның полиграфия өнеркәсіп саласы осы жылы 321 маманмен толықтырылды. Бұл мамандар осы жылы бастау алған «Баспагерлер, полиграфисттер және кітаптаратушылар қауымдастығына» (БПКҚ) қарасты Қазақстан баспа-полиграфиялық және кітапхана салаларының мамандарын сертификаттау орталығымен біліктілікті растау сертификаттарының берілу негізінде дипломдар алды.
   Түлектердің жалпы санынан – 45 қызы диплом иегерлері, 25 жаңа маман өз оқуларын Мәскеу мемлекеттік Политехникалық университетінде және Санкт-Петербург мемлекеттік Өнеркәсіп технологиялары және дизайн университетінде жалғастырады.
   Алматы полиграфиялық колледжі – полиграфия саласының мамандарын дайындайтын жалғыз оқу орны. Болашақ баспагерлердің ұясы қазіргі заманға сай, жаңартылған қамтамасыз ету бағдарламасы бар техникалармен жабдықталған. Өзінің оқыту типографиясы да бар. Ерекшелігі – уақыттың қарқынды үлесін алатын, өндіріске барынша жақындатылған оқу процесі.
Колледж болашақ полиграфисттерді «Дәуір» республикалық баспа-полиграфия орталығы, «Атамұра» (полиграфкомбинат) корпорациясы, «Алатау» баспа-полиграфия орталығы және басқа да жеке баспалармен бірігіп дайындайды. Полиграфия жабдықтарының өндірісіндегі әлемге танымал көшбасшысы –  австриялық фирма «Гейдельберг» пен колледж арасындағы келісім-шартқа сай колледж жаңа технологияларды игерген және жұмыс нарығында жоғары сұранысқа ие мамандар дайындауға мүмкіндік алды.

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование