KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 03 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15059797
2019 жылы:  125332
бүгiн:  1
қазiр:  28
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

04.07.2017

   Н.Дәулетова атындағы залда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған кітап көрмесі үнемі жұмыс істеуде.

   Көрмеге Алғашқы Президентіміздің өмір жолы, балалық және жастық шағы, жұмыс кәсібін меңгеру кезеңдері, күнделікті жұмыс күндері, әлеуметтік және саяси қызметі туралы қазақ, орыс және әлем елдері тілдерінде 1000-нан астам басылымдар қойылған.
   Көрме мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы, дамуы, жаңартуы және қоғамды жаңғыртудағы Қазақстан Республикасы Алғашқы Президентінің тарихи рөлі мен қосқан үлесін көрсету.
   Кітап экспозициясында тәуелсіз еліміздің қарқынды қалыптасу құбылысы, тарихи маңызы бар оқиғалар, әлем деңгейіндегі саясаткерлердің Қазақстанның Алғашқы Президенті туралы жазған пікірлері мен жұмыстары, ақын-жазушылардың елбасы Н.Ә.Назарбаевқа арналған шығарма жинақтары көрініс табады.
   Сонымен қатар, оқырмандар назарына «Социалистік Қазақстан», «Лениншіл жас», «Казахстанская правда», «Ленинская смена» республикалық газеттер және «Индустриальная Караганда», «Орталық Қазақстан», «Темиртауский рабочий», «Социалистическкая Караганда», «Металлург», «Советтік Қарағанды» облыстық газеттер беттерінде әр жылдар жарық көрген Н.Ә.Назарбаевтың жұмыс қызметі туралы 30 мақала ұсынылған.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование