KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 13 Қараша 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
       123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
барлығы:  14910591
2019 жылы:  44306
бүгiн:  1
қазiр:  13
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

10.07.2017

   «Қазақстан кітаптары» қызметінің ғалымдар залында белгілі ғалым, қазақ ономастикасының негізін қалаушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, академик Телғожа Сейдінұлы Жанұзақовтың 90 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Телғожа Жанұзақов 1927 жылы 15 шілдеде Алматы облысы Райымбек ауданының Нарынқол ауылында дүниеге келген. 1951 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті), 1952 жылы аспирантураны бітірген.
   Т.Жанұзақов 1951-1952 жж. Қазақ КСР Ғылым Академиясының Кадрлар басқармасының инспекторы, 1952-1980 жж - ғылыми қызметкер, 1981-1994 жж. - ономастика бөлімінің бастығы, 1995 жылы - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Білім және ғылым министрлігі, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, 1990-1998 жж. -Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының ғылыми хатшысы, 1998 - Алматы облысы әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссиясының мүшесі, сонымен қатар Алматы қаласының әкімдігінде жұмыс істеді.
   1961 жылы филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «Қазақ тіліндегі жеке меншікті атаулар» тақырыбында кандидаттық диссертациясын, 1976 жылы - «Қазақ тілі ономастикасының негізгі мәселелері» тақырыбы бойынша докторлық диссертация қорғады. Т.Жанұзақов академик С.Кеңесбаевпен бірге қазақ тіл білімінде алғаш рет «Лингвистикалық терминдердің қысқаша орысша-қазақша сөздігін» басып шығарды (1956).
   Ғалымның еңбектері ғылыми ономастика мәселелеріне, лексикология, лексикография, терминологияға арналған. Ол 39 кітаптың, монографиялардың, сөздіктер мен 250-ден астам ғылыми және ғылыми-көпшілік мақалалардың авторы. Оның «Қазақ тіліндегі жалқы есімдер» (1965) монографиясында: топонимика, антропонимдер, сондай-ақ, егжей-тегжейлі тегі және даму мәселелері, құрылымдық түрлері, сөзжасамдық процестерді зерттейді және ономастика атаулары,  сипаты мен сипаттамалары қаралады.
   Т.Жанұзақов жас ғалымдарды оқытуға көп көңіл бөлді. Оның жетекшілігімен 4 ғылым докторы және 15 ғылым кандидаты дайындалды.
   Т.Жанұзақов Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың (1983) және Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының (1988) лауреаты, Қазақстан ғылымын дамтуға қосқан үлесі үшін Орталық Комитеті Президиумының, Қазақ КСР Ғылым академиясы Президиумының мақтау қағазымен марапатталады. Сондай-ақ, ҚР-ның «Көрнекті ғалым» Мемлекеттік степендиясының иегері.

   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан ғалымның өмірі мен қызметі туралы материалдар, оның шығармалары, ғылыми жұмыстары, монографиялары мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалары қойылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование