KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885738
2019 жылы:  19453
бүгiн:  1
қазiр:  18
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

26.06.2017

   Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қызметінің оқу залында М.О.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасының алғашқы қойылымына 100 жыл толуына орай» кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   1917 жылы 7 маусымда Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасы алғаш рет Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Ойқұдық жайлауында киіз үй сахнасында қойылды. Қойылымның қоюшы-режиссері де, суфлері де Мұхтар Әуезов болған.
   1917 жылғы бұл қойылым қазақ еліндегі жаңа өнердің бастауы болды. Ал пьесаның түзетіліп, өңделіп, шын мәнісіндегі драматургия заңдылығына жауап беретін көркемдікке көтерілген екінші нұсқасы 1922 жылдың мамырында Жүсіпбек Аймауытов режиссурасымен қойылған болатын.
   "Еңлік-Кебек" поэмасы – Шәкәрім Құдайбердіұлының 1912 жылы жазған туындысы. Поэмада Кебек деген жігіт пен сұлу қыз Еңліктің махаббаты, олардың қайғылы қазасы, Найман мен Тобықты арасындағы бітіспес ру аралық дау жырланады. Ғашықтар туралы хикая XVIII ғасырда ел арасына кең тараған. Дастан алғаш рет «Дала уалаяты» газетінде 1892 жылы (№31-39) «Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз» деген атпен жарияланған. Бүгінгі күнде «Еңлік – Кебек» дастанының жыр түрінде жеткен екі нұсқасы белгілі. Оның бірінші нұсқасы – 1912 жылы Семейдегі «Жәрдем» баспасынан жеке кітап болып жарық көрген, Абай ақын ұсынған тақырып бойынша Шәкәрім Құдайбердіұлы жазған «Жолсыз жаза, яки кез болған іс» деген шығарма, екінші нұсқасы – Мағауия Құнанбаев жазған «Еңлік – Кебек» дастаны. Шәкәрім нұсқасы 1988 жылы қайта жарық көрді. Бұл поэма 652 жолдан тұрады. Мұхтар Әуезовтің жеке кітапханасында сақталған Мағауияның дастанын 1941 жылы Қайым Мұқаметханов баспаға әзірлеген. Алайда, бұл қолжазба 1960 жылы басылып шыққан «Дастандар» деген жинақта алғаш рет жарияланды. Жазушы М.О.Әуезов осы дастанның арқауымен осы аттас трагедия жазды. Шығарма 1922 жылы жазылған, ал жаңа нұсқасы 1943 жылы жарық көрген.
   Кітап көрмесінде оқырмандардың назарына ҚР Ұлттық кітапхана қорынан «Еңлік-Кебек» поэмасының алғашқы және кейінгі шыққан барлық басылымдары, қазақтың алғашқы мерзімді басылымдарында жарияланған поэма, пьеса туралы мақалалар ұсынылды.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование