«Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында белгілі қазақ жазушысы, ақын, драматург, Джавахарлал Неру атындағы Халықаралық сыйлығының лауреаты Аманжол Шамкеновтың 90-жасқа толуына орай «Ертіс перзенті» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Аманжол Шамкенов 1927 жылы 20 шілде айында Павлодар облысы Ертіс ауданында дүниеге келген. Мектеп мұғалімдері оның айрықша қабілеттерін белгіледі. 1950 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін филология факультетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) бітірген. 1950-1954 жылдар арасында «Әдебиет және исскуство» журналында бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы, 1954-1956 жылдары журналдың бас редакторы. 1956-1961 жылдары Қазақ радиокомитетінің меңгерушісі, 1961-1963 жылдары «Жазушы» баспасының бөлім меңгерушісі, 1963-1965 жылдары Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында бас редакторы, 1965-1970 жылдары «Жазушы» баспасында бас редактордың орынбасары, бас редакторы, 1970-1979 жылдары Қазақстан жазушылар Одағының сын бөлімінің меңгерушісі, көркем әдебиеттерін насихаттау бюросының директоры болды. Жас кезінде жазған алғашқы өлеңі «Ұстазым, менің ұстазым» бірнеше қатардан ғана тұрады. Ол халық арасында кең тарады. А.Шамкенов шығармашылығының басым бөлігі поэзияға арналған. Алғашқы өлеңдер жинағы «Студент сыры» 1951 ж. жарық көрді. Бұл жинақ студент жастар өмірін бейнелейтін кітап ретінде бағаланды. Әрі қарай, кейіпкерлері қарапайым адамдар, олардың сыры, өкініші, табиғат құбылыстарымен адами сезімдерді суреттейтін шығармалармен жалғасты. Көптеген өлеңдері туған жерге, балалық шақтағы достарға арналған:«Жасыл жайлау» (1954), «Лирикалық өлеңдер»(1957), «Дала тынысы» (1960), «Тың дәптері» (1964), «Ертіс перзенті» (1966) және сахналық пьесалар мен халықтың тұрмыстық-лирикалық әзілдерінде:«Табамын сені», «Сен жалғыз емессің», «Құралай сұлу». Автор жастар мен студенттердің республикалық фестиваль байқауында «Бір махаббат сыры» атты пьесалық жинағы үшін бас жүлдеге ие болды. Ақынның жүзге жақын өлеңдеріне ән жазылды. Бес тараудан тұратын «За горами-горы» атты шығармалар жинағы ақынның Шығыс пен Батыс Еуропа мемлекеттеріндегі көпжылдық сапарларының нәтижелері. А.Шамкенов көркем аудармаларымен де жемісті айналысты. А.С.Пушкин, Г.Гейне, М.Лермонтов, С.Есенин, Н.Химет және т.б. жазушылардың шығармаларын қазақ тіліне аударған. Оның бірнеше шығармалары басқа да тілдерге аударылған, нақты айтқанда орыс тіліне: Н.Луконинмен, В.Цыбинмен, Т. Кузовлевамен, В.Антоновпен, Л.Скалковпен.
А.Шамкенов қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесі үшін «Ерен Еңбегі үшін» медалімен (2000) және Қазақстан Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапаталды. Халықаралық Джавахарлал Неру атындағы сыйлықтың лауреаты (1992). Павлодар қаласының құрметті азаматы деген мемориалды тақтасы орнатылды (2007). А.Шамкенов 2007 жылы Павлодар қаласында қайтыс болды.
Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан А.Шамкеновтың өмірі мен шығармашылық қызметі туралы материалдар, шығармалары және мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалары мен естеліктері қойылған.
Кітап көрмесіне шақырамыз!
|