KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885510
2019 жылы:  19225
бүгiн:  1
қазiр:  46
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

25.07.2017

   Мерзімді басылымдар қызметінің оқу залында Батыс-Қазақстан облыстық «Орал өңірі» газетінің 100 жылдығына  арналған көрме ұйымдастырылды.

   «Орал өңірі» Батыс-Қазақстан облысының саяси-қоғамдық   газеті.
Газетінің алғашқы саны 1917 жылдың  28 шілдесінде  Бөкей облысы кеңесінің органы ретінде «Хабар» атауымен  қазақ және орыс  тілдерінде 
жарық көрді. Алғашқы  қазақ  басылымдарының қарлығашы – Қазақстан» (1911-1913жж.) газетінің ізбасары ретінде  жарық көрген  «Хабар» газетінің    
басында да  Алаш арыстары тұрды. Газеттің алғашқы редакторы   Бөкей облысы атқару комитетінің төрағасы С. Милютин  болды.
   1919 жылдың бірінші қаңтарынан «Қазақ дұрыстығы» (Киргизская правда) деген атаумен шыға бастады. Ордада сауатты қазақ жастарының жиналысы өтіп «Хабар» және «Қазақ дұрыстығы» аталып екі тілде шығып келген газет орнына бір ғана қазақ тілінде газет шығару мәселесі талқыланып, көпшіліктің ұйғарымымен газет атауы «Дұрыстық жолы» болып өзгертілді. Газеттің редакция алқасына Ғ.Қараш, М.Көкебаев, Ғ.Мұсағалиев, Х.Есенбаев және Т.Сафиевтер кірген.
   1920 жылдың наурыз айынан бастап  «Қызыл ту» деп өзгертіліп және  осы атаумен 12 жыл шығып отырды. 1932 жылдың 8 наурызынан «Екпінді құрылыс», 1938 жылы Гурьев облысының  бөлінуіне байланысты газет «Орал ақиқаты» болып өзгертілді.
   1941-1945жж. Ұлы Отан соғысы  кезінде де, газет шығып тұрды.  Журналистер авторлардың  шығармашылығымен бірге майдан тапсырыстарын орындауға  және  басқа да қорғаныс  қажеттіліктері мен  маңызды өнімдерін жеткізу үшін белсене көмектесті.
   1962 жылдың 1 маусымынан облыстың, жаңа құрылған Батыс Қазақстан өлкесінің құрамына енгізілуіне байланысты, облыстық газет басылымы тоқтатылды. Қалада «Октябрь туы» газеті шыға бастады.
   1963 жылдың 1 мамырынан  облыстық  газет басылымы  «Орал өңірі» және «Приуралье» деген  атпен қайта шықты.
Осы жылдар ішінде қазіргі қазақ әдебиеті мен журналистикасының  көрнекті өкілдері А.Бақтыгереева, А.Нәріков, С.Шарабасов, Р.Отарбаев, М.Ізімов, С.Хасанов, А. Тасболатов, Т.Төлеуғалиев, Т. Құсайн т.б. әр жылдары  қызмет атқарған. Газет 1968 жылы  «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.
   Көрмеде «Орал өңірі» газетінің  мерей  тойлық сандары  танымал жазушылар мен журналистердің мерзімді басылым  беттеріндегі  мақалалары ұсынылған.
 
Көрмеге шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование