KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885546
2019 жылы:  19261
бүгiн:  1
қазiр:  75
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

27.07.2017

   2017 жылғы 27 шілдеде ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова залында Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Шаханов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан авторлары кеңесінің төрағасы Марал Ысқақбай, «Құрмет» орденінің иегері, композитор Қалдыбек Құрманәлі,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор Владимир Питерцев, «Құрмет» орденінің иегері, композитор Бейбіт Оралұлы, ҚР еңбек сіңірген әртісі, әнші – композитор Гүлнар Даукенованың қатысуымен «Авторлардың қаламақысы қашанғы талан – таражға түсе бермек?!» атты баспасөз конференциясы өтті.

   Мақсаты: 2009 жылы «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар  туралы» Заңға 46-1 дейтін бап енгізіліп, үлкен қателікке жол берілген. Сол қателіктің зардабын бұл күнде отандық авторлар ғана емес бүкіл әлем авторлары тартып отыр.
   Авторлық құқық саласындағы дау-дамайдың толастамай, қайта күн өткен сайын өршіп келе жатқанына тоғыз жылдың көлемі болды.  Қазіргі таңда елімізде авторлар қаламақысын жинап отырған қоғамдардың саны бұл күнде тоғызға жетті.
   ҚР-ның «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңына  2009 жылы енгізілген 46-1 бап Заңның осы талаптарын жоққа шығарып, егер Әділет министрлігінің департаментінен  аккредитациядан өткені туралы куәлік алса болды  –   авторлармен жасалған шарттың бар – жоғына қарамастан, әлгі мекемелерден автор қаламақысын жинай беруге ерік беріп қойған.
   Автор туындысын пайдаланатын мекемелермен – концерттік ұйымдармен, театрлармен, теле-радио арналарымен, көңіл көтеру мекемелерімен – лицензиялық келісім-шартқа отырып, қаламақысын жинап беруге сол ұйым ғана құқылы (44-бап 2-тармақ). Ол міндетті Қоғам тек автордың өзінің рұқсатымен атқаруы керек. Яғни, оған бөтен ешкімнің билігі жүрмеуге тиіс.
   Модератор: композитор Қалдыбек Құрманәлі.
   Қатысушылар: Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Байғали Есеналиев, композитор Дон Еділ, зиялы қауым өкілдері, БАҚ өкілдері.

      

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование