KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 03 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15059795
2019 жылы:  125330
бүгiн:  1
қазiр:  28
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

09.08.2017

   2017 жылғы 9 тамызда Н.Дәулетова атындағы залда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Шығыстану факультетімен бірлесе отырып ұйымдастырылған, Кувейттік ақын, меценат Абдул Азиз Сауд әл-Бабтин мырзаның поэзиясына арналған  іс-шара өткізілді.

   Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Ж.Сейдуманов және Кувейт мемлекетінің Араб поэзия орталығының бас директоры Суад Абдулла аль-Атики бірлескен меморандумға қол қойды.
   Кувейттік ақынның «Кувейт шұғыласы» атты өлеңі (араб және қазақ тілдерінде), «Кувейттік ақын – Абдул Азиз Сауд әл-Бабтин поэзиясы және оның ерекшелігі», «Абдул Азиз Сауд әл-Бабтиннің таңдамалы өлеңі» атты кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті.
   Абдул Азиз Сауд әл-Бабтин 1936 жылы Кувейтте дүниеге келген. 2009 жылы іс-сапармен Қазақстанда болған. Қазақ халқына деген ерекше ықыласы бар Кувейт азаматы Кувейт Ұлттық білімді қолдау комитетінің, Кувейт әдебиетшілері ассоциациясының белді мүшесі. Сондай-ақ, араб мәдениетінің бейруттік Жоғары кеңесінің, Марокколық «Фассаис» мәдени қоғамдастығының мүшесі. Сонымен қатар Дамаск Араб тілі академиясының мүше-корреспонденті ретінде араб елдеріне танымал беделді тұлға.
   Кувейт мемлекетінің көрнекті қоғам қайраткері араб поэзиясы мен әдебиеті мұраларын жинап, басып шығару, көпшілікке насихаттау, ақындарды қолдау мақсатында «Поэзиялық шығармашылықты қолдау қорын» құрған. Қазіргі кезде осы қордың директорлар Кеңесінің Төрағасы.
   Іс-шара барысында Сирек кітаптар және қолжазбалар қызметі қорынан көрме ұйымдастырылды.
   Сөз сөйлегендер: Ә.Дербісәлі, Ж.Сейдуманов, Ш.Керім, А.Абдрахманов, С.Ибадуллаев, Р.Қожабекова және т.б.

   Қатысушылар: зиялы қауым, кітахана қызметкерлері, БАҚ өкілдері.

  

  


 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование