KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885594
2019 жылы:  19309
бүгiн:  1
қазiр:  108
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

09.08.2017

   «Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында белгілі ғалым, әдебиеттанушы, сыншы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері Тұрсынбек Кәкішевтың 90-жасқа толуына орай «Ғибратты ғұмыр» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Тұрсынбек Кәкішев 1927 жылы 15 тамыз айында Акмола облысы, Бұланды ауданы, Даниловка аулында дүниеге келген. 1950 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) бітірген.
   Т.Кәкішев 1949−1951 жылдары «Лениншіл жас» газеті редакциясының жұмысшы жастар бөлімінің меңгерушісі (қазіргі «Жас алаш») (Оқу мен жұмысты қатар атқарған), 1951−1952 жылдары «Мектеп» баспасында аға редактор міндетін атқарып,  1952−1958 жылдары Қазақстан Компартиясы ОҚ-нің Партия тарихы институтының ғылыми қызметкері. 1958−1960 жылдары Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының аспирантурасына түседі, 1960 жылы «Қазақ әдебиетінің қалыптасу дәуіріндегі идеялық-шығармашылық мәселелер (1917−1929жж.)» деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғады. 1971 жылы филология ғылымының докторлары «Қазақ әдебиеті сынының туу және қалыптасу жолдары» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 1960−1968 жылдары Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, 1968−2000 жылдары КазГУ-де аға оқытушы, декан, кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарған.
   «Дәуір суреттері» (1967), «Сын сапары» (1971), «Оңаша отау» (1982) «Қазақ әдебиеті сынының тарихы» (1994) ғылыми еңбектерінде қазақ әдебиеті мен сынының тарихы терең зерттелген. Т.Кәкішев «Қазақ әдебиетінің тарихы» (3-т., 1−2-кіт., 1967), «Қазақ кеңес әдебиеті тарихы» (1970 жылы, орыс тілінде), «Көп ұлтты кеңес әдебиетінің тарихы» атты ғылыми еңбектерді жазуға белсенді атсалысты (1970). Сол жылғы ғалымның ұзақ жылғы ізденістерінің жемісі С.Сейфуллин, Қазақ халқының ұлттық мақтанышы, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы «Сәкен Сейфуллин» (1967), «Қызыл сұңқар» (1968), «Сакен Сейфуллин. Өнегелі өмір» (1976), «Сәкенның соты» (1994) және т.б. Ол 37 монография, ғылыми және ғылыми-көпшілік мақалалар, кітаптар мен брошюралар жазған.
   Т.Кәкішев жас ғалымдарды тәрбиелеуге көп көңіл бөлді. Оның жетекшілігімен 10 ғылым докторы мен 48 ғылым кандидаты дайындалды. 
   Т.Кәкішев Қазақстан ғылымның дамуына қосқан ерекше үлесі үшін: «Парасат» орденімен (1997), «Қазақ ССР-іне еңбек сіңірген ғылым қайраткері» (1979), Қазақстан Жазушылар одағының С.Сейфуллин атындағы сыйлығының иегері (1985). Халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының құрметті академигі, Халықаралық Ш.Айтматов академиясының академигі.
   Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Алтынды орта мектебі Тұрсынбек Кәкішевтің есімімен аталады.
   Тұрсынбек Кәкішев 2015 жылы 7 қыркүйекте Алматы қаласында қайтыс болды. Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Т.Кәкішевтың өмірі мен қызмет: туралы материалдар, оның шығармалары, ғылыми еңбектері, мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалары ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование