KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885454
2019 жылы:  19169
бүгiн:  1
қазiр:  9
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

28.08.2017

   2017 жылы 28 тамызда Н.Дәулетова атындағы залда Конституция күніне орай заңгерлер, тарихшылар, саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік және құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған  «Конституциялық реформа – жаңғыру жолы» тақырыбында қалалық конференция өтті.

   Конференция жұмысы барысында 2017 жылы ҚР Конституциясына енген өзгерістер, Үкіметтің Парламент алдындағы жауапкершілігін күшейтетін, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытатын, сот процессінің бәсекелестігі және тараптардың теңдігін қамтамасыз ететін,  заңдылықты сақтауға бақылауды күшейтетін, мемлекеттік басқарудың икемділігін біршама деңгейде жоғарылататын Президенттің кейбір заңнамалық өкілеттігін Парламент пен Үкіметке  өтуі  жөніндегі сұрақтар талқыланды. 
   Конференция жұмысы Конституциялық реформа аясында қоғамдағы жаңғыру мен демократияны одан ары дамытуға бағытталған.
   Іс-шара аясында, ҚР Ұлттық кітапхана қорынан "Конституция Қазақстан халқының тұрақтылығы мен көркейуінің кепілі", "1999-2015 ж.ж аралығындағы Қазақстандық ғалым-құтқарушылардың ғылыми жұмыстары" атты кітап көрмелері қойылды. 
   Ұйымдастырушылар: Алматы қаласы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша Қайым Мұхамедханов атындағы «Білім және мәдениет орталығы» қоғамдық қоры. 
   Модератор: ҚазҰАУ қарасты әлеуметтік-гуманитарлық білім беру институтының профессоры, саясаттану ғылымдарының докторы С.Борбасов.
   Сөз сөйлегендер: Әскери ғылымдар академиясының профессоры Д.Әбдірайымов, Алматы қ. Прокуратура басқармасының бастығы Р.Турбашев, Саясаттану ғылымдарының докторы С.Мұсатаев, және т.б.


         

                                    

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование