KZ     RU     ENG
Жексебі, 10 Қараша 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
       123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
барлығы:  14909184
2019 жылы:  42899
бүгiн:  73
қазiр:  4
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

25.08.2017

   2017 жылғы 25 тамызда Н.Дәулетова залында Қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару және тарату мәселелері бойынша Алматы қаласының зиялы қауым өкілдерінің кездесуі өтті.

   Кездесуде «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес Қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару және тарату мәселелері жан-жақты талқыланып, анықтамалар мен түсініктемелер берілді.
   Кездесуге Мәдениет және спорт министрлігінің Баспа ісі басқармасының басшысы Нұрасыл Тоғызбаев Астана қаласынан арнайы келді.
   Қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару және тарату қағидаларына байланысты авторлардан бұрын жарық көрмеген шығармалары сатып алыну және қандай шығармаларды сатып алуды анықтау мақсатында Сараптама комиссиясы құрылған.
   Сараптама комиссиясы ғалымдар мен жазушылар, журналистер мен саясаткерлер, өзге де қаламгерлер ұсынған шығармалардың әрбіріне жеке-жеке сараптама жүргізіп, қорытындысын шығарып отыратын болады. Бұл сараптама қорытындылары Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы «Қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның» қарауына ұсынылады. Сатып алынатын шығармалардың тізімін осы комиссия бекітеді.
   Модератор: белгілі жазушы  Әлібек Асқаров.
   Сөз сөйлегендер: И.Сапарбаев, М.Ысқақбай, Б.Есенәлі, Р.Ниязбеков, Ә.Көпен, А.Ашири, С.Балғабаев және т.б.
   Қатысушылар: зиялы қауым, Алматы қ. тұрғындары, белгілі қаламгерлер, ғалымдар мен баспагерлер.

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование