KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 02 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15058662
2019 жылы:  124197
бүгiн:  38
қазiр:  5
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

05.09.2017

   2017 жылғы 5 қыркүйекте Н.Дәулетова атындағы залда Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында Қуаныш Жұмабековтің «Let’s Learn to Speak English» атты ерекше оқулығы мен Ержан Жұмабектің «Sonsuzluk Şûlesi» атты өлең жинағының тұсаукесер рәсімдері өтті.

    «Let’s Learn to Speak English» – ағылшын грамматикасын басқа тілдерге сүйенбей, тікелей қазақ тілінде түсіндіретін бірден-бір оқу құралы. 3 бөлімді кітаптың бір бөлімі  ағылшын тілінде ұсынылған қазақ ертегілерінен тұрады. Авторы аудармашы, ғалым, PhD доктор (8 тілді еркін меңгерген) Қуаныш Жұмабеков.
   Халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанты, «Серпер» жастар сыйлығының иегері, PhD доктор, ақын Ержан Жұмабектің  «Sonsuzluk Şûlesi» атты өлең жинағына (Шексіздік шұғыласы) қазақ тілі мен түрік тіліндегі өлеңдер кірді.
   Кітаптар Түркия Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің қолдауымен Ыстамбұл қаласында жарық көрді. 
   Қатысушылар: зиялы қауым, жоғары оқу орындарының студенттері, БАҚ өкілдері.
 
        
 
       
 
     
 
  
 
 
« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование