KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885441
2019 жылы:  19156
бүгiн:  1
қазiр:  15
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

08.09.2017

   2017 жылғы 8 қыркүйекте Н.Дәулетова атындағы залда зағип жандардың жетістігін насихаттауға арналған, Шымкент қаласындағы ОҚО Арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған Тифло-редакторы, жас ақын Бакиев Ербектің «Өмірге ғашық жүректер» атты шығармашылық кеші өтті.

   Зағип жандардың бірі - Бакиев Ербек жарық дүниені жалғыз жанарымен көргенмен, жас шағынан өлең-жыр жазып, әдебиетке құштар болып өскен. Дегенмен бойындағы өмірге деген құштарлығын жоғалтпай, облыстық, республикалық жыр мүшәйраларына қатысып, жеңімпаз атанған.
   2014 жылы мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылығын шыңдау мақсатында құрылған ОҚО «Шалқар шабыт» мүгедектер қоғамдық бірлестігі қолдауымен «Жас жаным құштар ақ таңға» атты кітабы жарық көрді. 2016 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына Оңтүстік Қазақстан облысындағы 25 тақырыпты толғайтын зағип жандардың жеткен жетістігін насихаттайтын «Өмірге ғашық жүректер» атты екінші кітабы жарыққа шығады.
   Шығармашылық кештің модераторы «Ерекше жандар» телебағдарлама жүргізушісі, жас қаламгер Мадина Ермаханова болды.
   Кеш Ербек Бакиев жайлы арнайы дайындалған видеоматериалмен ашылды. Ақынның қаламынан туған поэмасын П.Үйсімбаева нақышына келтіріп оқыса, сөзіне жазылған бірнеше әндерді Р.Тайыров, А.Смандияр және М.Тұрлыбекқызы жанды дауыста орындап шықты. Кеш соңында кейіпкерге көрермендер арасынан сауалдар қойылып, өмірінен сыр шертілді. Іс-шара аясында Ербек Бәкиевтің кітаптарынан көрме ұйымдастырылды.
   Кеш қонағы ретінде ақын Ә.Оспан және әнші Д.Жаханбаев шақырылды.

  
       

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование