KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15066902
2019 жылы:  132437
бүгiн:  811
қазiр:  17
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

30.11.-0001

   2017 жылдың 8 қыркүйегінде, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ж.Т.Сейдуманов, орынбасары С.А.Елемесова, Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің екінші хатшысы Ресей мемлекеттік кітапханасына (ескі атауы Ленинка) барды.

   РМК басшылығымен кездесуде кітапханалық іс саласында ғылыми қолдау, жұмыс тәжірибелерімен алмасу, қызметкерлердің өзара тәжірибеден өткізу, мәдениет пен әдебиет саласында бірлескен жобалар және біршама мәдениеттік жобалар туралы сұрақтар талқыланды.
   Қазақстандық делегацияға кеңейтілген экскурсия өткізіліп, кітапхана жұмысымен таныстырды. Кездесу кезінде ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылып, кітап алмасу өтті. Жақында ашылған Қазақ әдебиеті орталығын толықтыру үшін Қазақстан жағы РМК-ға М.Әуезовтың «Абай жолы» және И.Есенберлиннің «Көшпенділер» кітаптарын сыйлады. Екі жақ өзара бірлескен жемісті жұмыс Ресей мен Қазақстан арасындағы мәдени байланысты нығаюы мен кеңеюіне үлкен үлес қосатынын атап өтіп, осы қатынастарды ары қарай дамытуға ниеттерін білдірді.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование