KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 02 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15058698
2019 жылы:  124233
бүгiн:  74
қазiр:  6
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

16.09.2017

   2017 жылғы 16 қыркүйек, сағат 11.00-де «Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийі жұмысының аясында Татарстан Республикасынан шыққан «Татары Казахстана» атты безендірілген энциклопедиялық анықтаманың тұсаукесер рәсімі өтті.

   Энциклопедиялық анықтама − Татар Респубикасы Ғылым Академиясының аға ғылыми қызметкері Рафаэль Шайдуллиннің редакторлығымен Татарстан Республикасы Ғылым Академиясының татар  энциклопедия және аймақтану институты авторларының ұжымы
құрастырылды. Энциклопедиялық анықтама «Татары Казахстана» Қазақстанның татар диаспорасы мен Татарстан татарларының тарихи-генетикалық, мәдени байланыстарының негізінде жазылған. Кітапта татарлар мен қазақтардың және Қазақстан татарларының  арасындағы діни өмірлік қарым-қатынастық тарихына ерекше көңіл бөлінген: ғылым, мәдениет, білім, денсаулық сақтау, өндіріс және ауыл шаруашылығы, саяси, қоғамдық және дін саласындағы тұлғалардың өмірбаяндық мақалалары жазылған. Қазақстандағы  татарлар орналасқан жерлерді безендіру үшін шағын карта жасалған.
   Тұсаукесер рәсімінің ұйымдастырушысы − қазақстандық татарлар және башқұрттар конгресі.  Тұсаукесерде анықтаманың авторы мен құрастырушысы Татар Респубикасы Ғылым Академиясының аға ғылыми қызметкері Р.Шайдуллин,  Қазақстандық татар және башқұрттар Конгресінің төрағасы Т.А.Каримов, тарихшы және журналист М.И.Ерзин, музыкант және композитор Г.Г.Тамендаров, Қазақстанға еңбегі сіңген педиатр А.Ш.Исмагилова, тарихшы, педагогика ғылымының докторы, профессор Г.Т.Хайруллин және т.б.
   Іс-шара шеңберінде «Татары Казахстана» атты энциклопедиялық анықтама ҚР Ұлттық кітапханасының қорына және тұсаукесер рәсіміне қатысушыларға сыйға тартылды.

   ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Қазақстанда тұрып жатқан татар диаспорасының тарихи өмірі мен салт-дәстүрлеріне арналған, сондай-ақ көркем шығармалар қазақ, орыс және татар тілдерінде қойылған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

  

  

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование