KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 02 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15058654
2019 жылы:  124189
бүгiн:  30
қазiр:  7
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

15.09.2017

   Өнер бөлімінің оқу залында театр сыншысы, актер Қуандықов Қажықұмар Кенжебекұлының (1927-1971) 90 жылдығына арналған «Саңлақ сыншы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Қуандықов Қажықұмар Кенжебекұлы 1927 жылы 19 қыркүйекте  Шығыс Қазақстан облысы Шар ауданының Қараш ауылында дүниеге келген. Мәскеудегі Театр өнері институтының қазақ студиясын бітірген (1954). 1954 -1956 жж. Қазақ академиялық драма театрының труппасында актер болды. Бұдан кейін  Республикалық халық шығармашылығы үйінің (1956 - 1958) жж.,  Әдебиет және өнер институтының (1961 - 1963) жж., сондай-ақ, «Қазақ әдебиеті» газетінің (1964 - 1967) жж. редакцияларында қызмет етті. 1968 - 1971 жж.,  Қазақ кеңес энциклопедиясы бас редакциясында аға ғылыми редактор болды. 1950 жылдары театр сыншылығымен айналысты. Оның қаламынан жекелеген театрлар мен актерлардың шығармашылық мәселелерін көтерген сыни мақалалар туындаған. Пьесаларды (А.Қаһардың "Табыттан шықкан үн" және т.б.) аударды.
   Көрмеде ҚР Ұлттық кітапханасының кітап және мерзімді басылымдар қорынан Қажықұмар Қуандықовтың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование