KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885491
2019 жылы:  19206
бүгiн:  1
қазiр:  27
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

19.09.2017

   2017 жылғы 19 қыркүйекте Е.Тұрсынов атындағы залда ҚР өнер қайраткері, атақты сыншы және музыка маманы, халық музыкасын белсенді насихаттаушысы, зерттеуші және қазақстандық композиторлардың шығармашылығының білгірі, музыка мектептерінің мұғалімі, музыкалық радио және телебағдарламаларының авторы Юрий Петрович Аравиннің «Казахская инструментальная музыка от кюя к симфонии» атты кітабының тұсаукесері өтті.

   Кітап бес бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі этникалық музыкалық мәдениетке арналған. Автор бұл бөлімде қазақ халық музыкалық аспаптарға классификациясы мен сипаттамасын береді. Екінші бөлім 1930-1980 жылдардағы қазақ композиторларының өмірі мен шығармашылығының 30 баяндамасынан тұрады. Үшінші бөлімді халық аспаптық музыкасы бағдармалығының сұрақтарына арнаған және онда ХХ ғасырдағы қазақ композиторларының шығармашылығына оның салттарының көшуін бақылаған. Төртінші бөлім ерекше қызығушылық танытады, автор оқырманды көшпенділер өмірінің өзінен - аттың жүгіру ритмінен туындаған қазақ домбыралық музыканың метроритмі генезисінің тұжырымдамасымен таныстырады. Кітап қазіргі замандық өнердің кейбір үрдістері туралы көріністермен тамамдалады.
   Кітаптың маңызды құрамдас бөлігі - мәтінмен ұйқасқан бай көркемдік материалдар. Автор көрнекі бөлшектер бір-бірін толықтырған ақпараттық кітап қана жасап қоймай, көз қызығарлық басылым ретінде ұсынып отыр.
   Кітап оқырмандардың кең ауқымына - музыкант, мұғалім, ағартушы, оқытушы, журналисттер сияқты мамандарға ғана емес, этникалық және қазіргі заман музыкасын сүйер қауымына да арналған.
   Іс-шара аясында күйлер шертілді, зиялы қауым өкілдері, тілшілер, кітапхана оқырмандары және т.б. қатысты.

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование