KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885480
2019 жылы:  19195
бүгiн:  1
қазiр:  17
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

19.09.2017
   2017 жылғы 19 қыркүйекте Қазақстан Жазушылар Одағында белгілі қазақтың жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дүкенбай Досжанның туғанына 75 жыл толуына орай ҚР Ұлттық кітапханасы көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырды.
 
   Дүкенбай Досжан қара сөзді келістіре кестелейтін қарымды қаламгер. Автордың 40-тан астам романдары, повестері, әңгімелері, очерктері әлемнің он тоғыз тілінде басылды.                                        
   Дүкенбай Досжан − «Өнегелі өмір» сериясымен Абай, Мұхтар Әуезов, Ілияс Есенберлиннің  өмірбаяндарын көркем тілмен сөйлеткен, «Жібек жолы» кітабы тарихи роман, «Алаң» атты дерекнама романы 1986 жылғы Алматы қаласындағы Желтоқсандағы қанды оқиға туралы және «Таразы» заманауи адам мен табиғаттың сәйкестігі туралы роман-толғауының авторы. Ол ежелгі қалалар: Отырар, Түркістан, Сауранның тарихи оқиғалары арқау болған, шығыс ойшылы Абу-Насыр әл-Фараби туралы повестер жазды. «Кісі ақысы», «Дария», «Өмір-өзен», «Табалдырығыңа табын» атты романдары 60-70 жылдардағы ауыл өміріндегі еңбек адамдарына арналған: қойшыларға, күрішшілерге, қарапайым дихандарға.
   Д.Досжанның шығармалары әлемнің өзіндік көзқарасымен және адам табиғатының құпиясын терең зерттеуімен ерекшеленеді. Оның «Ақ Орда» кітабы Қазақстанның Бірінші Президенті Н.Назарбаевқа арналған. Кітапта республиканың маңызды тарихи оқиғалары, ел өміріндегі Президенттің рөлі туралы жан-жақты айтылған.
   Дүкенбай Досжан 2013 жылғы 16 қыркүйекте дүниеден өтті.
 
   Кітап көрмесіне Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының қорынан Дүкенбай Досжанның өмірі мен шығармашылығы, оның туындылары, аудармалары, әлем халықтарының тілдеріндегі шығармалары, мерзімді баспасөз беттерінде жарық көрген ол туралы естеліктер мен мақалалар қойылды.
 
   Іс-шараға жазушылар, ақындар, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері және БАҚ қатысты.

     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование