KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885575
2019 жылы:  19290
бүгiн:  1
қазiр:  93
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

28.09.2017

   2017 жылғы 28 қыркүйекте Н.Дәулетова атындағы залда, Халықаралық аудармашылар күнінің қарсаңында Ресейдің халық әртісі, Ресей мемлекеттік сыйлығының, «Триумф» және «ТЭФИ» сыйлығының лауреаты ақын Леонид Филатовтың «Про Федота-стрельца, удалого молодца» шығармасының қазақ тіліндегі аудармасы «Федот сарбаз жайлы хикая» кітабының таныстырылымы өтті.
   2013 жылы Ләйла Асқар Л.Филатовтың «Про Федота-стрельца, удалого молодца» атты әйгілі шығармасын аударған. Ертегінің түпнұсқасы «Алтын поэзия сериясына» кіреді.
   «Тәржіман» әдеби аудармашылар одағында (төрағасы атақты ақын-аудармашы Қайрат Бақбергенов), ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, атақты ақын Ұлықбек Есдәулетовтың  сараптамасынан өткеннен кейін ертегі-поэманың аудармасы «Әлем әдебиеті» (Астана, «Фолиант» баспасы, №2, 2014 ж.) журналында  жарияланды.
   Басылымға шыққанынан бір жарым жыл өткен соң, 2015 жылдың қазан айында Ләйла Асқар «Алтын көпір» аудармашылардың халықаралық сайысына қатысып, «Поэзия – орыс тілінен қазақ тіліне аудармасы» номинациясының үшінші жүлдесін иемденді және Леонид Филатовтың «Про Федота-стрельца, удалого молодца» атты поэмасының аудармасы үшін министр А.Мұхамедиұлы қол қойған ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің дипломымен марапатталды.
   2017 жылдың шілде айында Л.Филатов поэмасының аудармасы «МИР» баспа үйінде кітап түрінде жарық көрді. Басылым қазақ тілінде аз тиражда, аудармашы есебінен шығарылған және коммерциялық сипатқа ие емес.
   Л.Филатовтың «Федот сарбаз жайлы хикая» кітапбының данасы ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары А.Х.Юсуповаға табысталды.
   Модератор: ҚР Жазушылар одағының мүшесі, профессор, аудармашы А.Ж.Жақсылықов.
   Сөз сөйлегендер: ҚР кино қайраткері Ш.Имашұлы, «Тәржіман» Әдеби Аудармашылар Одағы қоғамдық ұйымының төрағасы Қ.Бақбергенов және т.б.

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование