KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885654
2019 жылы:  19369
бүгiн:  1
қазiр:  95
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

04.10.2017

   2017 жылғы 26 - 29 қыркүйек аралығында ҚР Ұлттық кітапханасы директоры Ж.Т.Сейдуманов және Қалпына келтіру, консервация және түптеу қызметінің жетекшісі Б.Ш.Сарсенбаева Ереван қаласында орналасқан (Армения) Матенадаранда өткен «Лики памяти. Новейшие технологии сохранения и восстановления рукописного и печатного наследия» атты VΙΙ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинарға қатысты.

   2011 жылы Месроп Маштоц атындағы «Матенадаран» Ежелгі қолжазбалардың ғылыми-зерттеу институтына «Жазбаша мұраны сақтау және қалпына келтіру» саласындағы негізгі ұйым мәртебесі берілді. Матенадаран бірегей коллекция иегері (қорында 20 000 қолжазбалары бар), сонымен қатар құжаттарды қалпына келтіру және сақтаудың бірегей тәжірибесі мен әдістеріне ие.
   4 күн ішінде семинарға ТМД елдерінен, Балтық, Грузия, Германия, Ұлыбритания және Армениядан мамандар қатысты. Қатысушылардың баяндамаларында мәдени құндылықтарды қалпына келтіру және кітаптарды қалпына келтірудегі тәжірибелік әзірлемелердегі соңғы инновациялық технологиялар туралы ақпарат берілді. Б.Ш.Сарсенбаева «Национальная библиотека Республики Казахстан как образовательная платформа для повышения квалификации специалистов» тақырыбына баяндама оқыды. Сонымен қатар, шетелдік жетекші қалпына келтірушілер қатысуымен мастер-класстар өткізілді, біздің баспалармен мерзімді толықтырылып отырған Қазақстан кітаптары бұрышы бар Армения Ұлттық кітапханасына экскурсия жасалды. ҚР ҰК директоры Ж.Т. Сейдуманов  Армения кітапханасына қазақстандық жазушылардың кітаптарын сыйға тартты. Іскерлік келіссөздер барысында екі жақ Қазақстан мен Армения Ұлттық кітапханалары арасындағы ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға және кеңейтуге келісті.
   Әйгілі қазақстандық ақын Б.Қанапияновтың өлеңдері енгізілген, Армян тіліндегі «Поэты мира» атты 500 беттік поэзиялық жинақ авторы – аудармашы және құрастырушы Гагик Давтян ҚР Ұлттық кітапханасына ерекше басылымның бір данасын сыйға тартты.

  

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование