KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885580
2019 жылы:  19295
бүгiн:  1
қазiр:  97
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

09.10.2017

   «Қазақстан кітаптары» оқу залында ақын, журналист Мұхтар Құрманалиннің 90 жылдығына арналған «Достардың жүрсем болды жүрегінде» атты кітап көрмесі қойылды.

   Мұхтар Құрманалин 1927 жылы 10 қазанда Ақтөбе облысы Қарабұтақ ауданының Аралтөбе елді мекенінде туған. Қазалыдағы педагогикалық училищеде және Қызылорданың Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтында оқыған.
   Еңбек жолын ауыл мектебінде мұғалімдіктен бастады. 1958 жылы журналистік қызметке ауысады. Ақтөбе облыстық және Батыс Қазақстан өлкелік газеттерінің редакцияларында бөлім меңгерушісі, 1971-1987 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы Батыс Қазақстан облысаралық бөлімшесінің әдеби кеңесшісі болып қызмет атқарды. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі болды.
   1959 жылы ақынның алғашқы өлеңдері газет, журнал беттерінде жариялана бастады. Оның таңдаулы өлеңдері «Қазақ поэзиясы антологиясына» енген (1977). «Жазушы» баспасында: «Әткеншек» (1963), «Шалқар теңіз» (1968), «Аспан» (1971), «Көңілімде бір күй бар» (1972), «Мөлдір моншақтар» (1975), «Алыстағы найзағай» (1977)  атты алты бірдей өлеңдер жинағы шықты.  Мұхтар Құрманалиннің 1967 ж. «Жұлдызды сауыншы» атты алғашқы проза кітабы, 1968 ж. «Жылқылы ауылдың жігіттері» атты очерктер кітабы жарық көрді. Мәскеулік ақын Владимир Савельев М.Құрманалиннің «Вечный огонь» кітабын орыс тілінде аударды.
   М.Құрманалин әдебиет саласына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, «Қазақстан Республикасы халық ағарту ісінің үздігі», «Еңбектегі ерлігі үшін» медалдарымен марапатталған. «Жалын», «Балауса» баспалары жариялаған жабық байқаулардың екі дүркін жүлдегері.
   М. Құрманалин 2011 жылы Ақтөбе қаласында дүниеден өтті.

   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан ақынның шығармалары, мақалалары және мерзімді басылым беттерінде жарияланған туған-туыстары мен әріптестерінің естеліктері ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование